Пара пауэрлифтинг Дубай

Парп пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты

23 тамыз 2023ж

 

ПАРА ПАУЭРЛИФТИНГТЕН 2023 жылдың 28-31 тамыз күндері, Дубай (БАӘ) қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында спорт клубымыздың спортшысы Станбек Ерсін  жастар арасында 59 келіде ең жоғары салмақ көтеру және үш тәсілдің қосындысы бойынша көтеруде екі қола медальға қол жеткізді. Құттықтаймыз

Әлем чемпионатына 110 мемлекеттен 548 спортшы қатысуда. Ұлттық құрама сапында үш спортшымыз ел намысын қорғауда.

Жаттықтырушысы Греев Руслан Сайдикаримович.

Таеквондо халықаралық турнир сурдо

Таеквондодан Ауған-жауынгерлерін еске алуға арналған XVIII халықаралық турнир
21 қыркүйек 2023 жыл

2023 жылдың 14-17 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында таеквондодан (сурдо) Ауған-жауынгерлерін еске алуға арналған XVIII халықаралық турнир өтті.
Аталған жарысқа, еліміздің 7 облыстарынан және Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен 70-тен аса спортшылар қатысты.
Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 3 спортшы қатысты.
Жарыстың нәтижесі бойынша Жамбылдық спортшылар келесі орындарға қол жеткізді:
-Сейсенбаев Мади 58 кг Керуги – 2 орын, Пумсе – 1 орын.
-Рысбеков Диас 58 кг Керуги 3 орын, Пумсе – 3 орын;
-Рысжанов Олжас жекелей Пумсе – 2 орын, Пумсе жұпта – 1 орын.
Спортшыларды дайындаған жаттықтырушылар, Ан Александр және Есілбаев Нұржан.

Пара жүзу әлем чемпионаты Манчестерк

Пара жүзуден Әлем чемпионаты

2 тамыз 2023ж

 

2023 жылдың 31 шілде – 6 тамыз аралығында Манчестер қаласында (Ұлыбритания) пара жүзуден Әлем чемпионаты басталды.

Жарысқа әлемнің 70 мемлекетінен 600-ге спортшылар қатысуда.

Қазақстан Республикасының құрама командасынан 5 үздік спортшы ел намысын қорғауда. Олар: Токио Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Нұрдаулет Жұмағали (Жамбыл облысы); Ашық Еуропа чемпионатының жеңімпазы Сиязбек Далиев (Нұр-Сұлтан қаласы); Токио Паралимпиада ойындарының қатысушысы Наталья Звягинцева (Қарағанды облысы), Әлем чемпионатының қола жүлдегері Андрей Афанасьев (Қарағанды облысы) және Потапов Роман (Қарағанды облысы).

​Жарыстың 2 күні, Жамбылдық жүзуші Жұмағали Нұрдаулет 100 м брасс қашықтықта 1:05.16 көрсеткішпен 2 орынды иеленді.

​Жұмағали Нұрдаулет жарыстың 7 күні 200 м кешенді жүзуге шығады.

 

Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының “Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы” КМҚК-да 2023 жылғы 21 маусымда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері талқыланды.

Тоғызқұмалақтан жекелей Қазақстан Республикасының чемпионаты

Тоғызқұмалақтан тірек-қимыл аппараты зақымдалған және көру қабілеті төмен ерлер және әйелдер арасындағы  жекелей Қазақстан Республикасы чемпионаты 2023 жылды  10-18 маусым  аралығында Түркістан  қаласында өтті.

Чемпионатқа қатысқан командалар: Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен  Алматы,  Атырау, Ақтөбе,  Батыс Қазақстан, Жамбыл облысы,   Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан  облыстары.

Барлығы 13 командадан -84 спортшы қатысты.

Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан                  9 спортшы қатысып  3 жүлделі орындарға ие болды. ( 2 күміс, 1 қола  медаль)

Көру қабілеті төмен ерлер  арасында 2 орын –Шәміл Ришат.

Көру қабілеті төмен әйелдер арасында Кутубай Аружан – 2 орын, Игиликова Мадина – 3 орын иегерлері атанды.

Спортшыларды дайындаған жаттықтырушы Шәміл Ришат Шәмілұлын құттықтаймыз!

ХАБАРЛАНДЫРУ

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және

спорт басқармасының  «Дене мүмкіндігі шектеулі

адамдарға арналған спорт клубы» коммуналдық

мемлекеттік қазыналық кәсіпорында   сыбайлас

жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария

талқылау  2023 жылдың  21 маусымында өтетінін хабарлайды.

Арбадағы спорттық биден Қазақстан Республикасының чемпионаты

 

2023 жылдың 10-11 маусым аралығында Қостанай қаласында арбадағы спорттық биден  Қазақстан Республикасының чемпионаты  өтті.

Жарысқа қатысқан командалар: Астана, Шымкент қалалары мен Алматы, Абай, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан         60- қа жуық  спортшы қатысты.

Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан                  5 спортшы  қатысып , жалпы  6 алтын, 4 күміс, 1 қола медальмен 11  жүлделі орындарға ие болды.

Тегі, аты Би түрі Орын
1 Ахметова Наргиза Сингл

Н2 класс

1 орын
2 Бейсебаева Балжан Фристайл

(Н1 класс)

1 орын
3 Ахметова Наргиза

Аманбеков Талгат

Дуо, Европалық би

(жұптық)

1 орын
4 Ахметова Наргиза

Аманбеков Талгат

Дуо, Латиноамерикалық би (жұптық) 2 орын
5 Мұсаева Әсел Қайбұллақызы Сингл

(жастар)

2 орын
6 Мұсаева Әсел Фристайл

(жастар)

2 орын
7 Ахметова Наргиза

Аманбеков Талгат

Дуо,Фристайл

(жұптық)

3 орын
8 Ахметова Наргиза Фристайл

Н2 класс

2 орын
9 Бейсебаева Балжан Сингл

(Н1 класс)

1 орын
10 Төлен Ілияс Нұржанұлы Сингл

(жастар)

1 орын
11 Төлен Ілияс Нұржанұлы Фристайл

(жастар)

1 орын

 

Дайындаған жаттықтырушы: Аубакиров Габит Бектасович.

            ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!

 

Сурдо Үстел теннисінен Қазақстан Республикасының Чемпионаты

2023 жылдың  1-6 маусым  аралығында Ақтөбе қаласында  үстел теннисінен  есту қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жарысқа қатысқан командалар: Астана, Алматы, қалалары мен Қостанай,  Ақтөбе,  Жамбыл  облыстарынан 45 – ке  жуық  спортшы қатысты.

Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан                  6 спортшы қатысып, Адилова Кулжамила Курбановна қола жүлдегері атанды.

 

Дайындаған жаттықтырушы Раймбеков Талгат Кайратбекович. Құттықтаймыз!!!

Дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты

2023 жылдың 02-04 маусым аралығында Орал  қаласында сурдо дзюдодан  Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа Жамбыл, Түркістан,  Абай, Жетісу, Бастыс Қазақстан облыстарынан                 5 командасынан  57 – ге жуық спортшы  қатысты.

Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан  жеті спортшы  қатыстып төмендегі нәтижесінде 5 алтын,  2 күміс, 2 қола жүлдеге қол  жеткізді.

1 Мустафаев Саид Аманкелдиевич Дзюдо (жасөспірім)

46 кг

1 орын
2 Дулат Ерасыл Дулатұлы Дзюдо (жасөспірім)

55 кг

3 орын
3 Абдыманап Ердаулет Болатұлы Дзюдо (жасөспірім)

60 кг

2 орын
4 Маратұлы Бақдаулет Дзюдо (жасөспірім)

66 кг

1 орын
5 Штырков Геннадий Сергеевич Дзюдо (жасөспірім)

81 кг

1 орын
6 Оспан Нұрбол Қалыбекұлы Дзюдо (жастар)

55 кг

3 орын
7 Кара оглы Абубакир Яшарович Дзюдо (жастар)

55 кг

1 орын
8 Маратұлы Бақдаулет Дзюдо (жастар)

66 кг

1 орын
9 Штырков Геннадий Сергеевич Дзюдо (жастар)

81 кг

2 орын

 

 

Спортшылардың жеке жаттықтырушысы Лукманов Хайрулла Ануарбекұлы.

Құттықтаймыз!!!

Қазақстан Республикасының VI жазғы Паралимпиада ойындары

2023 жылдың 10-30 мамыр аралығында Алматы, Астана, Ақтөбе қалаларында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI жазғы Паралимпиада ойындары өтті.
Аталған ойындар, 3 кезеңнен өткізілді.
І кезең 2023 жылдың 10-20 мамыр аралығында Алматы қаласында футбол 5х5, пара жеңіл атлетика, голбол спорт түрлерінен;
ІІ кезең 2023 жылдың 17-22 мамыр аралығында Астана қаласында пара оқ ату, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо спорт түрлерінен;
ІІІ кезең 2023 жылдың 20-29 мамыр аралығында Ақтөбе қаласында пара үстел теннисі, пара жүзу, волейболды отырып ойнау және пара дзюдо спорт түрлерінен өтті.
Төрт жылда бір рет өтетін ресми жарысқа, еліміздің 17 облыстарымен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 1000 аса спортшылар қатысты. Оның ішінде Жамбыл облысынан, футбол 5х5, пара жеңіл атлетика, голбол, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, волейболды отырып ойнау және пара дзюдо спорт түрінен 64 спортшы қатысты. Олардың ішінде, пара жүзуден тұңғыш рет қазақстанның спорт тарихында бірінші Рио де Жанейро 2016 Жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллина мен Токио 2020 Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Жұмағали Нұрдаулет, пара таеквондодан Әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы Өміралі Нышан, пара пауэрлифтингтен жастар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері Карибай Ерболат сынды спортшылар өнер көрсетті.
Паралимпиада ойындарының қорытындысы бойынша:
І орын – Қарағанды облысы (44 алтын, 15 күміс, 10 қола);
ІІ орын – Атырау облысы (35 алтын, 9 күміс, 9 қола);
ІІІ орын – Ақтөбе облысы (24 алтын, 16 күміс, 6 қола);
ІV орын – Жамбыл облысы (24 алтын, 13 күміс, 8 қола) иеленді.
Спорт түрлері бойынша Жамбыл облысының құрама командасы төмендегі нәтижеге қол жеткізді:
Голболдан жүлделі 2 орын иеленді;
Пара жүзуден 15 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен командалық 2 орын;
Пара таеквондодан 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен командалық 3 орынды жеңіп алды;
Пара жеңіл атлетика 8 алтын, 2 күміс, 1 қола, (командалық 8 орын);
Пара пауэрлифтинг 3 күміс, 1 қола медаль, (командалық 11 орын);
Пара үстел теннисі 3 күміс, 1 қола медаль, (командалық 10 орын);
Пара дзюдо 1 күміс, 1 қола медальдарды иеленді, (командалық 10 орын);
Футбол 5х5 – 4 орын;
Волейболды отырып ойнау – 5 орын.