Пара жүзу әлем чемпионаты Манчестерк

Пара жүзуден Әлем чемпионаты

2 тамыз 2023ж

 

2023 жылдың 31 шілде – 6 тамыз аралығында Манчестер қаласында (Ұлыбритания) пара жүзуден Әлем чемпионаты басталды.

Жарысқа әлемнің 70 мемлекетінен 600-ге спортшылар қатысуда.

Қазақстан Республикасының құрама командасынан 5 үздік спортшы ел намысын қорғауда. Олар: Токио Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Нұрдаулет Жұмағали (Жамбыл облысы); Ашық Еуропа чемпионатының жеңімпазы Сиязбек Далиев (Нұр-Сұлтан қаласы); Токио Паралимпиада ойындарының қатысушысы Наталья Звягинцева (Қарағанды облысы), Әлем чемпионатының қола жүлдегері Андрей Афанасьев (Қарағанды облысы) және Потапов Роман (Қарағанды облысы).

​Жарыстың 2 күні, Жамбылдық жүзуші Жұмағали Нұрдаулет 100 м брасс қашықтықта 1:05.16 көрсеткішпен 2 орынды иеленді.

​Жұмағали Нұрдаулет жарыстың 7 күні 200 м кешенді жүзуге шығады.