Тоғызқұмалақтан Халықаралық турнир

Тоғызқұмалақтан көру қабілеті төмен спортшылар арасындағы халықаралық турнир Баян-Өлгей (Монғолия) қаласында 2023 жылдың 6-12  желтоқсан аралығында өтті.

Турнирге Қазақстан, Монғолия, Өзбекістан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен 62 спортшы қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан төрт спортшы қатысып 4 медальға қол жеткізді.

21 жасқа дейін қыздар  арасында 1 орын иегері Игиликова Мадина,              2 орын иегері Кутубай Аружан

Ерлер арасында 3 орын иегерлері  Таласбаев Бекзат, Шәміл Ришат

Дайындаған жаттықтырушы Шәміл Ришат.

ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ

 

2023 жылдың 1-9 желтоқсан аралығында Нахонратчасима (Тайланд) қаласында Дүниежүзілік спорттық ойындар өтуде.

Аталған ойындардың аясында пара пауэрлифтингтен Әлем Кубогы болып өтуде.

Осы жарысқа, 15 мемлекеттен 70-ке жуық спортшылар қатысуда. Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапынла 9 спортшы ел намысын қорғаса, оның ішінде Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 2 спортшы қатысуда. Олар, пара пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Жұманов Асхат пен Берімқұлова Айжан. Жарыстың екінші күні, Жамбылдық спортшылар 4 медальдарға қол жеткізді. Атап айтқанда, Берімқұлова Айжан әйелдер арасында 50 келіде ең жоғары салмақ көтеруде 2 орын және үш тәсілмен көтерудің қорытындысы бойынша 1 орынды жеңіп алса ерлер арасында Жұманов Асхат 88 келіде ең жоғары салмақ көтеруде 3 орын және үш тәсілмен көтерудің қорытындысы бойынша 2 орынды иеленді.

Сонымен қатар, Жамбылдық спортшылар ү.ж. 8 желтоқсан күні командалық аралас «Mixtem» бағдарламасында жарыс жолын жалғастырады.

Спортшылардың жеке бапкері Греев Руслан Сайдикаримович

Жеңіл атлетикадан Азия-Тынық мухиты аймағаның чемпионаты

Cурдо жеңіл атлетикадан Азия-Тынық мухиты аймағаның чемпионаты. 2023 жылдың 23-27 қараша аралығында Тегеран (Иран) қаласында жеңіл атлетикадан есту қабілеті төмен спортшылар арасында Азия-Тынық мухиты аймағының чемпионаты өтті. Аталған жарысқа 8 мемлекеттен 100-ден аса спортшылар қатысты. Олардың ішінде, Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының спортшысы, жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сибирякова Яна ел намысын қорғады. Жарыстың нәтижесі бойынша, Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы 9 алтын, 10 күміс және 5 қола медальдарды иеленді. Спорт клубымыздың спортшысы Сибирякова Яна 5 қашықтыққа қатысып, 3 алтын, 2 күміс медальға қол жеткізді: – 4х100 м эстафета – 1 орын; – 4х400 м эстафета – 1 орын; – Биіктікке секіру – 1 орын; – Ұзындыққа секіру – 2 орын; – Найза лақтыру – 2 орын. Спортшының жеке жаттықтырушысы Мамашаев Тахир Рахимович

Армрестлингтен Азия Кубогы

2023 жылдың 18-23 қараша аралығында Самарқанд (Өзбекстан) қаласында армрестлингтен тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында  Азия Кубогы  өтті.

Жарысқа  21 елінен 436 спортшы қатысты .

Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан                  6  спортшы қатысып 3 жүлделі орындарға ие болды.

 

Жетістіктері:

Верина Татьяна екі алтын сол және оң қол 70кг (есту қ.т)

Байсақалов Нұрсұлтан бір алтын (оң қол) және бір күміс (сол қол) 70кг (есту)

Әлиев Береке екі күміс сол және оң қол 80кг (ТҚАЗ)

Тұрсынов Алмаз екі күміс сол және оң қол 70кг (көру)

Құдайбергенов Мейірұлан бір алтын оң қол 85 кг (ТҚАЗ)

Аманбек Өркенжан екі күміс сол және оң қол 90кг (ТҚАЗ)

 

Дайындаған жаттықтырушы: Мойсиади Диана Александровна.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Жүзуден ПараАзия ойындары

Хначжоу қаласында (Қытай) өтіп жатқан ПараАзия ойындарында жүзуден Жұмағали Нұрдаулет 200 м кешенді жүзу әдісінде 02:16. 74 көрсеткішпен алтын медаль ұтып алып Азия Паралимпиада рекордін жаңартты. Күміс медальді Жапонияның спортшысы Сайто Енки  02:18.94 көрсеткішпен алса, қола медальді 02:20.05 көрсеткішпен Өзбекстандық  Фридавсбек Мусабековқа бұйырды.

Айта кету керек,  осы ойындарда Нұрдаулет екінші алтын медальді ұтып отыр. Алдынғысы 100 м брасс қашықтығы болатын. Құтты болсын Қазақ елі!

 

Алтын медаль құтты болсын Қазақ елі! 2023 жылдың 22-28 қазан аралығында Ханджоу (Қытай) қаласында өтіп жатқан IV жазғы Пара Азия ойындарында өнер көрсетіп жатқан, спорт клубмыздың спортшысы Жұмағали Нұрдаулет 100 м брасс қашықтықта чемпион атанды. Құтты болсын!!!

 

 

Жүзуден Пара Азия ойындары

Ханчжоу (Қытай) қаласында өтіп жатқан IV Пара Азия ойындарында жүзуден 4х50 м аралас комплекстік эстафетада қола медальді иеленген Қазақстан командасын марапаттау сәті. Қазақстан командасының құрамында: Зульфия Габидуллина, Сиязбек Далиев, Звягинцева Наталья және Айсұлтан Кулкаев сынды спортшылар өнер көрсетті.

 

Пара жүзуден қазақстандықтар қола жүлдеге ие болды

4х50 м аралас комплекстік эстафетада қазақстандық пара жүзушілер 3:03.74 уақытын көрсетіп, қола жүлдені еншіледі.

1 орын – Қытай 2:30.36

2 орын – Жапония 2:49.49

3 орын – Қазақстан 3:03.74

Қазақстан командасында Зульфия Габидуллина, Сиязбек Далиев, Звягинцева Наталья және Айсултан Кулкаев өнер көрсетті.

таеквондо қытай

Пара таеквондодан  IV Пара Азия ойындары

25 қазан 2023 жыл

ӨМІРАЛІ Нышан Пара таеквондодан  IV Пара Азия ойындарынан күміс жүлдегері атанды. Құтты болсын!

2023 жылдың 22-28 қазан аралығында Ханчжоу (Қытай) қаласында өтіп жатқан жазғы IV Пара Азия ойындарында спорт клубымыздың спортшысы Өміралі Нышан +80 келіде (К44) финалдық кездесуде Ирандық спортшыға ұтылып екінші орынды иеленді.

Жеке бапкері Есілбаев Нұржан Шалабайұлы.

Құттықтаймыз!

Отырып ойнау волейболы Тараз

24 қазан 2023 жыл

23 қазан күні Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында 25 қазан – Республика күніне орай волейболды отырып ойнау спорт түрінен жолдастық кездесу өтті.

Қатысқан командалар : Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының қызметкерлері, Жамбыл облысы құрамасы, «Үміт » мектеп-интернаты және Алянс студенттер командасы.

1 орын – Жамбыл облысы

2 орын – Алянс командасы

3 орын – «Үміт » мектеп-интернаты 24

Жамбыл облысы бойынша департаменті және Жамбыл облысының Әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен спорт мекемелері мен кәсіпорындар басшыларымен жиналыс өткізілді

13 қазан 2023 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет салаларындағы заңнама және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларының талаптарын сақтау бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті және Жамбыл облысының Әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен спорт мекемелері мен кәсіпорындар басшыларымен жиналыс өткізілді.

Дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының Кубогі

 

2023 жылдың 14-16 қазан аралығында Теміртау қаласында дзюдодан есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогі өтті.

Аталған жарысқа: Астана, Алматы,Атырау,Түркістан, Шымкент қалалары мен Абай, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 75-ке жуық спортшылар қатысты.

Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 11 спортшысы қатыстып, 3 алтын, 1 күміс, 4 қола медалдарға қол жеткізіп, жалпы командалық есепте 2 орынды иеленді. Жекелей көрсеткіштер:

– Кара оглы Ф. 52кг 1 орын ;

– Краморова А. 78кг 1 орын;

– Тугелбаев А. 90кг 1 орын ;

– Абишова А. 57кг 2 орын;

– Егембердиева Э. 63кг 3 орын

– Абильдаев С. 66кг 3 орын

– Ыдырысов С. 73 кг 3 орын;

– Кабылбеков Р. +100кг 3 орын

Спортшылардың жаттықтырушысы Лукманов Хайрулла.