Сурдо Үстел теннисінен Қазақстан Республикасының Чемпионаты

2023 жылдың  1-6 маусым  аралығында Ақтөбе қаласында  үстел теннисінен  есту қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жарысқа қатысқан командалар: Астана, Алматы, қалалары мен Қостанай,  Ақтөбе,  Жамбыл  облыстарынан 45 – ке  жуық  спортшы қатысты.

Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан                  6 спортшы қатысып, Адилова Кулжамила Курбановна қола жүлдегері атанды.

 

Дайындаған жаттықтырушы Раймбеков Талгат Кайратбекович. Құттықтаймыз!!!