Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасының Кубогы

2023 жылдың 12-17 наурыз аралығында Тараз қаласында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Волейболды отырып ойнаудан жарысқа қатысқан командалар: Астана, Шымкент, қалалары мен Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысы, Қызылорда облысы, Жамбыл облыстарынан 80-ге жуық спортшы қатысты. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 12 спортшы қатысып ІІІ жүлделі орынға ие болды. Дайындаған Волейболды отырып ойнаудан жаттықтырушы Сапарбеков Нұрғазы Әбілдәбекұлы.

Тоғызқұмалақтан тірек-қимыл аппараты зақымдалған және көру қабілеті төмен жастар арасындағы жекелей Қазақстан Республикасының чемпионаты туралы

Тоғызқұмалақтан тірек-қимыл аппараты зақымдалған және көру қабілеті төмен жастар арасындағы жекелей Қазақстан Республикасы чемпионаты 2023 жылды 10-16 наурыз аралығында Павлодар қаласында өтті.
Чемпионатқа қатысқан командалар: Астана, Алматы қаласы, Абай облысы, Алматы облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облысы.
Барлығы 11 командадан -46 спортшы қатысты.
Чемпионаттың тірек-қимыл аппараты зақымдалған қыздар арасында
Мұсаева Әсел -3 орын, Қапашова Ақерке-3 орын
Көру қабілеті төмен қыздар арасында 1 орын- Сарбай Нұрдана, 2 орын Игиликова Мадина, 3 орын-Кутубай Аружан
Көру қабілеті төмен ұлдар арасында 3 орын -Тілеке Рамазан
Спортшыларды дайындаған жаттықтырушы Шәміл Ришатты құттықтаймыз!

Бірінші Азия-Тынық мұхит сурдо чемпионаты туралы

Қырғызстанның спорттық өмірінде алғаш рет естімейтіндер арасында таэквондо, дзюдо, грек-рим және еркін күрестен I Азия-Тынық мұхиты чемпионаты өтті.

2023 жылдың 1-12 наурыз аралығында Бішкек (Қырғызстан) қаласында Қ.Қожомқұл атындағы спорт сарайында әлемнің сегіз елінен келген 300-ге жуық спортшы жекпе-жектен үздік атану құқығына таласты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасынан спорттың   4 түрі бойынша 47 спортшы ел намысын қорғады.

Оның ішінде Жамбыл облысынан 4 спорт түрінен 10 спортшы қатысты, олар: дзюдо күресінен Краморова Анна, Кара оглы Фериде; таеквондодан Рысжанов Олжас, Сейсенбаев Мади, Рысбеков Диас, грек-рим күресінен Асан Нұржан, Досжанов Абзал; Аңсабек Рауан; еркін күрестен Есжанов Ғабит, Тұрғынбай Ғасыр.

Соның ішінде, Жамбыл облысының спортшылары Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының қоржынына түрлі номинациядағы барлығы  9  медальмен  (алтын-2; күміс-2; қола- 5) толықтырды.

 

Сурдо чемпионатының алғашқы күндері таэквондодан өтті. Сырттай бұл жарыстардың әдеттегіден еш айырмашылығы жоқ – бірдей ережелер, бірдей соққылар. Жалғыз қосымшасы, төрешінің бұйрығынан кейін қызыл фонарь жанады. Бұл спортшылардың есту ақауларына байланысты тек көрнекі белгілерге сүйенеді. Олар жаттықтырушының кеңестері мен бұйрықтарын да естімейді, сондықтан спарринг кезінде өздеріне ғана сене алады.

Таеквондодан 2023 жылдың 1-4 наурыз аралығында Корея, Өзбекстан, Иран, Ирак, Қырғызстан, Қазақстан мемлекеттерінен қатысты. WT таэквондо сурдодан ұлттық құрамамыз 1 алтын, 4 күміс, 10 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан Республикасының намысын 14 спортшы қорғады

Рысжанов Олжас Ерланович жұптық  пумсе бағдарламасында қола медаль,  Сейсенбаев Мади Максимұлы жекелей пумседен қола жүлдегер атанса,  Рысбеков Диас Куанышевич 54 кг салмақта 3 орынға қол жеткізді.

Дзюдодан 2023 жылдың 4-7 наурыз аралығында Корея, Жапония,   Өзбекістан, Иран, Монғолия, Қырғызстан, Қазақстан мемлекеттерінен 47 спортшы қатысты. Қазақстан Республикасының намысын 13 спортшы қорғады

Әйелдер арасында Кара оглы Фериде Яшаровна 52 кг салмақ дәрежесінде күміс медальды жеңіп алса, Краморова Анна Игоревна +78кг салмақ дәрежесінде  қола медальға қол жеткізді.

Қазақстан-1 орын (5 алтын, 1 күміс, 6 қола медальмен)

Корея-2 орын

Ирак-3 орын

Грек-рим  күресінен 8-11 наурыз аралығында өткен жарысқа Өзбекстан, Иран, Монғолия, Қырғызстан, Қазақстан мемлекеттерінен                    35-жуық спортшы қатысты. Қазақстан Республикасының намысын                           10 спортшы қорғады

Грек-рим  күресінен 82  келіде Асан Нұржан жеңімпаз атанса, Досжанов Абзал Нұржігітұлы (77кг)  қола жүлдегер болды.

Қырғызстан-1 орын

Қазақстан-2 орын (3 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен)

Иран-3 орын

 

​          Еркін күрестен  8-11 наурыз аралығында өткен жарысқа Өзбекстан, Иран, Монғолия, Қырғызстан, Қазақстан мемлекеттерінен 50-жуық спортшы қатысты.

Қазақстан Республикасының намысын 10 спортшы қорғады. 74 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанған Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген спорт шебері Тұрғынбай Ғасыр Мадиярұлы.

Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген спорт шебері Есжанов Ғабит Тұрсынханұлы  еркін күрестен 61 кг салмақта жеңімпаз  атанды.

Еркін күрестен командалық есепте:

Қазақстан-1 орын (5 алтын, 5 күміс медальмен)

Иран-2 орын

Қырғызстан-3 орын

 

Турнир ресми болып табылады, сондықтан спортшылар келесі ХХV жазғы Сурдлимпиадалық ойындарына қатысу үшін рейтингтік ұпай жинайды.

Спортшыларымызды осы дәрежеге жету үшін ұзақ жылдар тер төгіп, шаршамастан жаттығулар жүргізіп дайындаған бапкерлері еркін күрестен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы  Конысбаев Ерназар, дзюдо күресінен жаттықтырушы Лукманов Хайрулла, таеквондодан жаттықтырушылар Ан Александр және Есильбаев Нұржан, грек-рим күресінен жаттықтырушы Исмаилов Ринат.

Шахматтан көру қабілеті төмен ересектер мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының ЕСЕБІ

Шахматтан  көру қабілеті төмен ересектер мен жастар арасындағы
Қазақстан Республикасының  чемпионаты Тараз қаласы, «Самал» емдеу-сауықтыру орталығында 2023 жылдың 1-8  наурыз  аралығында өтті.
Чемпионатқа қатысқан командалар: Астана, Алматы Шымкент  қалалары және  Абай облысы,  Атырау облысы,  Жетісу облысы,  Қарағанды облысы,  Қостанай облысы,  Қызылорда облысы,   Түркістан облысы,  Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы,  Жамбыл облысы. 14
Барлығы:  14 командадан -75  спортшы қатысты.
(ерлер В1-15, ерлер В2-28, әйел-13, 13 ұл, 6 қыз).
Жарыстың қорытындысы
Ерлер В1
Орын Тегі, аты командасы
1 Алимханов Абдурашид Жамбыл
2 Утениязев Амир Павлодар
3 Кабыжанов Болат Абай обл.
3
Ерлер  В2
Орын Тегі, аты командасы
1 Жунусов Мурат Қарағанды
2 Джумадуллаев Куанишбек Түркестан
3 Бибиков Юрий Жетісу
3
Әйелдер
Орын Тегі, аты Командасы
1 Амантаева Батес ШҚО, Семей
2 Муратова Алия Астана
3 Литвиненко Тамара Павлодар
3 Баймуратова Нурия Алматы
Ұлдар
Орын Тегі, аты Командасы
1 Туктыбай Батырхан БҚО
2 Балмагамбетов Ахметкарім Астана
3 Тынышжан Рауан Жетісу
3 Жакенгер Олжас Шымкент
Қыздар
Орын Тегі, аты командасы
1 Аскар Сабина Шымкент
2 Султанбек Диана Жамбыл
3 Ахметова Лора Жамбыл
Жамбыл облысының әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның 16 спортшысы қатыстып,  1 алтын,  1 күміс, 1 қола медалдарға  қол  жеткізді. 

Пара пауэрлифтингтен тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылардың командалық және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты

Сурдо жеңіл атлеткадан Қазақстан Республикасының Чемпионаты туралы МӘЛІМЕТ

Жеңіл атлетикадан  Қазақстан Республикасының чемпионаты Қарағанды қаласында  2023 жылдың  2-5 наурыз  аралығында өтті.

Жарысқа қатысқан командалар: Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Ақмола,  Ақтөбе,  Манғыстау,  Жамбыл,  Қарағанды, Қостанай, Павлодар,  Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан,  Солтүстік Қазақстан облыстарынан 75-жуық  спортшы қатысты.

Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан                  7 спортшы қатысып 3 жүлделі орындарға ие болды.

Тегі, аты Қашықтығы Орын
Сибирякова Яна 800м 1 орын
Сибирякова Яна Ұзындыққа секіру 1 орын
     

 

Дайындаған жаттықтырушы Тахир Мамашаевты құттықтаймыз!

 

«64» шаршы дойбыдан көру қабілеті төмен ерлер, әйелдер және жастар арасындағы жекелей Жамбыл облысы чемпионатының ЕСЕБІ

«64» шаршы дойбыдан  көру қабілеті төмен  ерлер, әйелдер және

жастар арасындағы жекелей  Жамбыл облысы   чемпионаты 2023 жылды                 21-24 ақпан аралығында Тараз қаласында, «Сұңқар» шахмат клубында  өтті.

Чемпионатқа қатысқан командалар: Тараз қаласы,  Жамбыл ауданы

Меркі ауданы,  Шу ауданы, Т.Рысқұлов ауданы, Байзақ ауданы, Талас ауданы, «Болашақ» мектеп- интернатынан барлығы 41 спортшы қатысты.

Көру қабілеті төмен: 16 ер, 7 әйел, 11 ұл, 7 қыз.

Жарыстың  қорытындысы

Көру қабілеті төмен  ерлер арасында

Орын Тегі, аты Командасы
1 Калиев Тургынбек Шу
2 Құрманалиев Есен Меркі
3 Ни Евгений Тараз
3 Куттыбаев Шорахан Байзақ

 

Көру қабілеті төмен  әйелдер арасында

Орын Тегі, аты Командасы
1 Егембаева Енлік Жамбыл
2 Ізтлеу Айдана Тараз
3 Орманова Гульнара Тараз
3 Турдалиева Маржан Шу

 

Көру қабілеті төмен  ұлдар арасында

Орын Тегі, аты Командасы
1 Қайрат Әбілмансур Талас
2 Шералиев Қанат Тараз
3 Тілеке Рамазан Т.Рысқұлов
3 Бектұрған Ақжол Т.Рысқұлов

 

Көру қабілеті төмен  қыздар арасында

Орын Тегі, аты Командасы
1 Базарқұл Рабиға Талас
2 Айсаева Дильназ Болашак
3 Дуйсетай Айсулу Болашак
3 Салиева Рабиям Болашак

Пара дзюдодан Қазақстан Республикасының Кубогы туралы

Пара дзюдодан  Қазақстан Республикасының Кубогы Шымкент қаласында  2023 жылдың  16-19 ақпан аралығында өтті.

Жарысқа қатысқан командалар: Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Абай,  Ақтөбе,  Атырау,  Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан,  Батыс Қазақстан облыстарынан 78-жуық  спортшы қатысты.

Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан                  7 спортшы қатысып 3 жүлделі орындарға ие болды.

Тегі, аты Салмақ дәрежесі Орын
Жұмаділ Ғалымжан  60 кг 3 орын
Ахмедов Ахмед 73 кг 3 орын
Райымқұл Мұхаммед 90 кг 3 орын

 

Дайындаған жаттықтырушы Лукманов Хайрулла Ануарбекұлы

Паратаеквондодан Қазақстан Республикасының Кубогы туралы МӘЛІМЕТ

Паратаеквондодан Қазақстан Республикасының Кубогы Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласында 2023 жылдың 8-12 ақпан аралығында өтті.
Жарысқа қатысқан командалар: Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Атырау, Түркістан, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарынан 40-жуық спортшы қатысты.
Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 6 спортшы қатысып 5 жүлделі орындарға ие болды.
Тегі, аты Салмақ дәрежесі Орын
Жуманғали Айбек К 44 63 кг 1 орын
Бекбауов Бекзат К 44 63 кг 3 орын
Бекболатов Азімхан К 44 63 кг 3 орын
Мухитдинов Калкен К44 80 кг 3 орын
Өміралі Нышан К44 80 кг 3 орын

Дайындаған жаттықтырушы Есильбаев Нуржан Чалобаевич.
Жарыста орын алған спортшылар Еліміздің құрама командасына кіреді.

Таеквондо ҚР Кубогі

Пара таеквондодан

Қазақстан Республикасының Кубогы

Паратаеквондодан  Қазақстан Республикасының Кубогы Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласында  2023 жылдың  8-12 ақпан аралығында өтті.

Жарысқа қатысқан командалар: Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Атырау, Түркістан, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарынан 40-жуық  спортшы қатысты.

Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан                  6 спортшы қатысып 5 жүлделі орындарға ие болды.

Тегі, аты Салмақ дәрежесі Орын
Жуманғали Айбек К 44 63 кг 1 орын
Бекбауов Бекзат К 44 63 кг 3 орын
Бекболатов Азімхан К 44 63 кг 3 орын
Мухитдинов Калкен К44 80 кг 3 орын
Өміралі Нышан К44  80 кг 3 орын

 

Дайындаған жаттықтырушы Есильбаев Нуржан Чалобаевич.

Жарыста орын алған спортшылар Еліміздің құрама командасына кіреді.