Арбадағы спорттық биден классификациялық «Прага-2033» Халықаралық жарысы

2023 жылдың 7-8 қазан аралығында Прага (Чехия) қаласында арбадағы спорттық биден классификациялық «Прага-2033» Халықаралық жарысы өтті.

Аталған жарысқа: Қазақстан, Чехия, Словения, Германия, Венгрия, Бразилия, Дания, Финляндия, Италия, Нидерландия, Турция, Франция, Бельгия, Греция мемлекеттерінен 100-ге жуық спортшы қатысты.

Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 6 спортшы қатысып, 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медалдарға қол жеткізді. Олар:

1 орын

– Duo Standard CLASS Аманбеков Талғат & Ахметова Наргиза

– Duo Freestyle CLASS 2 Аманбеков Талғат & Ахметова Наргиза

2 орын

– Combi Standard CLASS 2 Серж Аванесов & Ахметова Наргиза

3 орын

– Single Conventional Man CLASS 2 Аманбеков Талғат

– Combi Latin CLASS 1+2 Серж Аванесов & Ахметова Наргиза.

 

Спортшылардың жаттықтырушысы, Аубакиров Габит.

Футболдан Қазақстан Футбол Федерациясының кубогі

21 қыркүйек 2023ж

2023 жылдың 15-19 қыркүйек аралығында Алматы қаласында футболдан көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Футбол Федерациясының кубогі өтті, аталған жарысқа еліміздің облыстарын Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл және Алматы қаласынан 40 жуық спортшы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша: 1 орын – Алматы облысы, 2 орын – Алматы қаласы, 3 орын – Жамбыл облысы иеленді. Сонымен қатар, Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының спортшысы Сертеков Бернар ең үздік қорғаушы және Еденов Еркегали ең үздік қақпашы деп анықталды. Жаттықтырушы Аргынбаев Ерлан Елкелдиевич.

Таеквондодан Ауған-жауынгерлерін еске алуға арналған XVIII халықаралық турнир

21 қыркүйек  2023 жыл

 

2023 жылдың 14-17 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында таеквондодан (сурдо) Ауған-жауынгерлерін еске алуға арналған XVIII халықаралық турнир өтті.

Аталған жарысқа, еліміздің 7 облыстарынан және Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен 70-тен аса спортшылар қатысты.

Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 3 спортшы қатысты.

Жарыстың нәтижесі бойынша Жамбылдық спортшылар келесі орындарға қол жеткізді:

-Сейсенбаев Мади 58 кг Керуги – 2 орын, Пумсе – 1 орын.

-Рысбеков Диас 58 кг Керуги 3 орын, Пумсе – 3 орын;

-Рысжанов Олжас жекелей Пумсе – 2 орын, Пумсе жұпта – 1 орын.

Спортшыларды дайындаған жаттықтырушылар, Ан Александр және Есілбаев Нұржан.

Таеквондо Мексика

Пара таеквондодан Әлімдік Гран при G6 турнирі

 

21 қыркүйек 2023ж

 

2023 жылдың 18-19 қыркүйек аралығында Веракруз (Мексика) қаласында өткен пара таеквондодан Әлімдік Гран при G6 турнирінде Жамбылдық спортшы Өміралі Нышан +80кг 3 орынға ие болды.

Жалпы жарысқа 12 мемлекеттен 70 ке жуық спортшы қатысты. Жаттықтырушысы Есілбаев Нұржан Шалабайұлы.

Отырып ойнау волейболы АШЫҚ ТУРНИР

ВОЛЕЙБОЛДЫ ОТЫРЫП ОЙНАУДАН АШЫҚ ТУРНИР

ВОЛЕЙБОЛДЫ ОТЫРЫП ОЙНАУДАН АШЫҚ ТУРНИР Бүгін қыркүйек айының 20-сы күні Тараз қаласы Ж. Үшкемпіров атындағы “Тараз -Арена” спорт кешенінде волейболды отырып ойнаудан Жамбыл облысының ашық турнирі өтті. Турнирге Өзбекстан мемлекетінен, Алматы қаласы, Шымкент қаласы және Тараз қаласының спортшылары қатысты. Жамбыл облысының ашық турнирін Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы басшысының орынбасары Жолшыбеков Нұрлан Мұратұлы салтанатты түрде ашты.

таеквондо Ашық Азия чемпионаты

Пара таеквондодан Ашық Азия чемпионаты

 

15 қыркүйек 2023ж

 

2023 жылдың 9-10 қыркүйек аралығында Бейрут (Ливан) қаласында пара таеквондодан Ашық Азия чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа, 14 мемлекеттен 72 спортшы қатысып, Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы сапында 13 спортшы ел намысын қорғады.

Оның ішінде, Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 2 спортшы қатысты. Олар, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әлем чемпионатының екі жеңімпазы Өміралі Нышан, Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Ержанов Жумагали және Жұманғали Айбек сынды спортшылар ел намысын қорғады.

Жарыстың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының спортшысы Өміралі Нышан +80 келіде қола медальға қол жеткізді.

Спортшылардың жеке бапкері, Есілбаев Нұржан Шалабайұлы.

Еркін күрестен Әлем чемпионаты

СУРДОЛИМПИАДАЛЫҚ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСҚАН СПОРТШЫЛАРДЫ КҮТІП АЛУ ​2023 жылдың 7-11 қыркүйегі аралығында сурдолимпиадалық еркін күрестен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы әлем чемпионатына Жамбыл облысының дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан спортшылар қатысты. Олар: • Есжанов Ғабит • Тұрғынбай Ғасыр • Әлдибаев Шыңғысхан • Мырзахмет Нышанбек • Жақсымбек Дәурен Жарыстың қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасында Мырзахмет Нышанбек 60 келіде жеңімпаз атанды, ал ересектер арасында күміс жүлдеге Әлдибаев Шыңғысхан 86 келіде, қола жүлдеге Тұрғынбай Ғасыр 74 келіде қол жеткізді.

Грек-рим күресінен Әлем чемпионаты

Сурдлимпиадалық Грек-рим күресінен ү.ж. 2-7 қыркүйек аралығында Бішкек (Қырғызстан) қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында спорт клубымыздың спортшысы Асан Нұржан ересектер арасында 82 келіде жеңімпаз атанды. Жаттықтырушысы Исмаилов Ринат. Құттықтаймыз.

Құрметті спорт сүйер қауым және ардақты Жамбыл облысының тұрғындары! Бүгін бізде мақтаныш пен қуанышқа бөленетін ерекше оқиға орын алуда, ол спорттағы үлкен жетістіктерді ғана әкелмей, сонымен бірге ұлттық бірліктің біртұтас сезімін де әкелді. Қазақстанның тұңғыш спорт тарихында көрнекті спортшымыз Асан Нұржан мен оның тәжірибелі жаттықтырушысы Ринат Исмаилов керемет жетістіктерге жетті – олар Бішкек қаласында сурдлимпиада спортшыларының арасында өткен Әлем чемпионатында грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды. Бұл жеңіс тарихи және символдық жеңіс болып табылады. Бұл біздің мүмкіндіктерімізді, біздің дарындылығымызды және кез келген қиындықтарды жеңуге деген мызғымас еркіндігімізді айқындайды. Нұржан мен Ринат елімізде жоғары деңгейде бәсекеге түсе алатын спортшыларымыз бар екенін әлемге паш етті. Сондай-ақ, спорт әлемінің шыңына шығуы ұзақ және қиындықтарға толы болса да, олар ешқашан берілген емес. Бұл жеңіс көп жылғы қажырлы еңбек пен адалдықтың және сіздерден біздің адал жанкүйерлерімізден алған қолдау мен шабыттың арқасындағы жемісті жеңіс болды десекте артық емес. Сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін әрқайсыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қошеметтеріңізбен моральдық қолдауларыңыз әрқашан біздің спортсмендер үшін жеңістің маңызды қадамы болады. Асан Нұржан мен жаттықтырушы Ринат Исмаиловты осынау тарихи жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта да спортта толағай табыстар мен жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз. Олардың жетістіктері әрқашан біз үшін шабыт көзі болып жүре берсін!

Армрестлингтен Әлем чемпионаты

Армрестлингтен Әлем чемпионатында жүлдегер атанған спорт клубымыздың спортшыларын қарсы алу. Тараз қаласы. -Адам Хабиев екі қола (ересектер); -Абай Садырбеков екі қола (ересектер); -Жангазинов Мади бір күміс, бір қола (жасөспірімдер); -Айдарұлы Нүрбек бір күміс (жасөспірімдер). Жаттықтырушы, Мойсиади Диана.

Пара таеквондодан Әлемдік Гран-При халықаралық

Пара таеквондодан Әлемдік Гран-При халықаралық жарысы

2 қыркүйек 2023ж

Пара таеквондодан 29-31 тамыз күндері Париж (Франция) қаласында өткен Әлемдік Гран-При халықаралық жарысында Өміралі Нышан қола жүлдеге қол жеткізді. Құттықтаймыз.