Таеквондо халықаралық турнир сурдо

Таеквондодан Ауған-жауынгерлерін еске алуға арналған XVIII халықаралық турнир
21 қыркүйек 2023 жыл

2023 жылдың 14-17 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында таеквондодан (сурдо) Ауған-жауынгерлерін еске алуға арналған XVIII халықаралық турнир өтті.
Аталған жарысқа, еліміздің 7 облыстарынан және Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен 70-тен аса спортшылар қатысты.
Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 3 спортшы қатысты.
Жарыстың нәтижесі бойынша Жамбылдық спортшылар келесі орындарға қол жеткізді:
-Сейсенбаев Мади 58 кг Керуги – 2 орын, Пумсе – 1 орын.
-Рысбеков Диас 58 кг Керуги 3 орын, Пумсе – 3 орын;
-Рысжанов Олжас жекелей Пумсе – 2 орын, Пумсе жұпта – 1 орын.
Спортшыларды дайындаған жаттықтырушылар, Ан Александр және Есілбаев Нұржан.