Тоғызқұмалақтан жекелей Қазақстан Республикасының чемпионаты

Тоғызқұмалақтан тірек-қимыл аппараты зақымдалған және көру қабілеті төмен ерлер және әйелдер арасындағы  жекелей Қазақстан Республикасы чемпионаты 2023 жылды  10-18 маусым  аралығында Түркістан  қаласында өтті.

Чемпионатқа қатысқан командалар: Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен  Алматы,  Атырау, Ақтөбе,  Батыс Қазақстан, Жамбыл облысы,   Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан  облыстары.

Барлығы 13 командадан -84 спортшы қатысты.

Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан                  9 спортшы қатысып  3 жүлделі орындарға ие болды. ( 2 күміс, 1 қола  медаль)

Көру қабілеті төмен ерлер  арасында 2 орын –Шәміл Ришат.

Көру қабілеті төмен әйелдер арасында Кутубай Аружан – 2 орын, Игиликова Мадина – 3 орын иегерлері атанды.

Спортшыларды дайындаған жаттықтырушы Шәміл Ришат Шәмілұлын құттықтаймыз!