Жеңіл атлетикадан Азия-Тынық мухиты аймағаның чемпионаты

Cурдо жеңіл атлетикадан Азия-Тынық мухиты аймағаның чемпионаты. 2023 жылдың 23-27 қараша аралығында Тегеран (Иран) қаласында жеңіл атлетикадан есту қабілеті төмен спортшылар арасында Азия-Тынық мухиты аймағының чемпионаты өтті. Аталған жарысқа 8 мемлекеттен 100-ден аса спортшылар қатысты. Олардың ішінде, Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының спортшысы, жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сибирякова Яна ел намысын қорғады. Жарыстың нәтижесі бойынша, Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы 9 алтын, 10 күміс және 5 қола медальдарды иеленді. Спорт клубымыздың спортшысы Сибирякова Яна 5 қашықтыққа қатысып, 3 алтын, 2 күміс медальға қол жеткізді: – 4х100 м эстафета – 1 орын; – 4х400 м эстафета – 1 орын; – Биіктікке секіру – 1 орын; – Ұзындыққа секіру – 2 орын; – Найза лақтыру – 2 орын. Спортшының жеке жаттықтырушысы Мамашаев Тахир Рахимович