ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ

 

2023 жылдың 1-9 желтоқсан аралығында Нахонратчасима (Тайланд) қаласында Дүниежүзілік спорттық ойындар өтуде.

Аталған ойындардың аясында пара пауэрлифтингтен Әлем Кубогы болып өтуде.

Осы жарысқа, 15 мемлекеттен 70-ке жуық спортшылар қатысуда. Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапынла 9 спортшы ел намысын қорғаса, оның ішінде Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 2 спортшы қатысуда. Олар, пара пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Жұманов Асхат пен Берімқұлова Айжан. Жарыстың екінші күні, Жамбылдық спортшылар 4 медальдарға қол жеткізді. Атап айтқанда, Берімқұлова Айжан әйелдер арасында 50 келіде ең жоғары салмақ көтеруде 2 орын және үш тәсілмен көтерудің қорытындысы бойынша 1 орынды жеңіп алса ерлер арасында Жұманов Асхат 88 келіде ең жоғары салмақ көтеруде 3 орын және үш тәсілмен көтерудің қорытындысы бойынша 2 орынды иеленді.

Сонымен қатар, Жамбылдық спортшылар ү.ж. 8 желтоқсан күні командалық аралас «Mixtem» бағдарламасында жарыс жолын жалғастырады.

Спортшылардың жеке бапкері Греев Руслан Сайдикаримович