Тоғызқұмалақтан Халықаралық турнир

Тоғызқұмалақтан көру қабілеті төмен спортшылар арасындағы халықаралық турнир Баян-Өлгей (Монғолия) қаласында 2023 жылдың 6-12  желтоқсан аралығында өтті.

Турнирге Қазақстан, Монғолия, Өзбекістан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен 62 спортшы қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан төрт спортшы қатысып 4 медальға қол жеткізді.

21 жасқа дейін қыздар  арасында 1 орын иегері Игиликова Мадина,              2 орын иегері Кутубай Аружан

Ерлер арасында 3 орын иегерлері  Таласбаев Бекзат, Шәміл Ришат

Дайындаған жаттықтырушы Шәміл Ришат.