Жүзуден Пара Азия ойындары

Ханчжоу (Қытай) қаласында өтіп жатқан IV Пара Азия ойындарында жүзуден 4х50 м аралас комплекстік эстафетада қола медальді иеленген Қазақстан командасын марапаттау сәті. Қазақстан командасының құрамында: Зульфия Габидуллина, Сиязбек Далиев, Звягинцева Наталья және Айсұлтан Кулкаев сынды спортшылар өнер көрсетті.

 

Пара жүзуден қазақстандықтар қола жүлдеге ие болды

4х50 м аралас комплекстік эстафетада қазақстандық пара жүзушілер 3:03.74 уақытын көрсетіп, қола жүлдені еншіледі.

1 орын – Қытай 2:30.36

2 орын – Жапония 2:49.49

3 орын – Қазақстан 3:03.74

Қазақстан командасында Зульфия Габидуллина, Сиязбек Далиев, Звягинцева Наталья және Айсултан Кулкаев өнер көрсетті.