Қырғызстанның спорттық өмірінде алғаш рет естімейтіндер арасында таэквондо, дзюдо, грек-рим және еркін күрестен I Азия-Тынық мұхиты чемпионаты өтті.
2023 жылдың 1-12 наурыз аралығында Бішкек (Қырғызстан) қаласында Қ.Қожомқұл атындағы спорт сарайында әлемнің сегіз елінен келген 300-ге жуық спортшы жекпе-жектен үздік атану құқығына таласты.
Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасынан спорттың 4 түрі бойынша 47 спортшы ел намысын қорғады.
Оның ішінде Жамбыл облысынан 4 спорт түрінен 10 спортшы қатысты, олар: дзюдо күресінен Краморова Анна, Кара оглы Фериде; таеквондодан Рысжанов Олжас, Сейсенбаев Мади, Рысбеков Диас, грек-рим күресінен Асан Нұржан, Досжанов Абзал; Аңсабек Рауан; еркін күрестен Есжанов Ғабит, Тұрғынбай Ғасыр.
Соның ішінде, Жамбыл облысының спортшылары Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының қоржынына түрлі номинациядағы барлығы 9 медальмен (алтын-2; күміс-2; қола- 5) толықтырды.
Сурдо чемпионатының алғашқы күндері таэквондодан өтті. Сырттай бұл жарыстардың әдеттегіден еш айырмашылығы жоқ – бірдей ережелер, бірдей соққылар. Жалғыз қосымшасы, төрешінің бұйрығынан кейін қызыл фонарь жанады. Бұл спортшылардың есту ақауларына байланысты тек көрнекі белгілерге сүйенеді. Олар жаттықтырушының кеңестері мен бұйрықтарын да естімейді, сондықтан спарринг кезінде өздеріне ғана сене алады.
Таеквондодан 2023 жылдың 1-4 наурыз аралығында Корея, Өзбекстан, Иран, Ирак, Қырғызстан, Қазақстан мемлекеттерінен қатысты. WT таэквондо сурдодан ұлттық құрамамыз 1 алтын, 4 күміс, 10 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан Республикасының намысын 14 спортшы қорғады
Рысжанов Олжас Ерланович жұптық пумсе бағдарламасында қола медаль, Сейсенбаев Мади Максимұлы жекелей пумседен қола жүлдегер атанса, Рысбеков Диас Куанышевич 54 кг салмақта 3 орынға қол жеткізді.
Дзюдодан 2023 жылдың 4-7 наурыз аралығында Корея, Жапония, Өзбекістан, Иран, Монғолия, Қырғызстан, Қазақстан мемлекеттерінен 47 спортшы қатысты. Қазақстан Республикасының намысын 13 спортшы қорғады
Әйелдер арасында Кара оглы Фериде Яшаровна 52 кг салмақ дәрежесінде күміс медальды жеңіп алса, Краморова Анна Игоревна +78кг салмақ дәрежесінде қола медальға қол жеткізді.
Қазақстан-1 орын (5 алтын, 1 күміс, 6 қола медальмен)
Корея-2 орын
Ирак-3 орын
Грек-рим күресінен 8-11 наурыз аралығында өткен жарысқа Өзбекстан, Иран, Монғолия, Қырғызстан, Қазақстан мемлекеттерінен 35-жуық спортшы қатысты. Қазақстан Республикасының намысын 10 спортшы қорғады
Грек-рим күресінен 82 келіде Асан Нұржан жеңімпаз атанса, Досжанов Абзал Нұржігітұлы (77кг) қола жүлдегер болды.
Қырғызстан-1 орын
Қазақстан-2 орын (3 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен)
Иран-3 орын
Еркін күрестен 8-11 наурыз аралығында өткен жарысқа Өзбекстан, Иран, Монғолия, Қырғызстан, Қазақстан мемлекеттерінен 50-жуық спортшы қатысты.
Қазақстан Республикасының намысын 10 спортшы қорғады. 74 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Тұрғынбай Ғасыр Мадиярұлы.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Есжанов Ғабит Тұрсынханұлы еркін күрестен 61 кг салмақта жеңімпаз атанды.
Еркін күрестен командалық есепте:
Қазақстан-1 орын (5 алтын, 5 күміс медальмен)
Иран-2 орын
Қырғызстан-3 орын
Турнир ресми болып табылады, сондықтан спортшылар келесі ХХV жазғы Сурдлимпиадалық ойындарына қатысу үшін рейтингтік ұпай жинайды.
Спортшыларымызды осы дәрежеге жету үшін ұзақ жылдар тер төгіп, шаршамастан жаттығулар жүргізіп дайындаған бапкерлері еркін күрестен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы Конысбаев Ерназар, дзюдо күресінен жаттықтырушы Лукманов Хайрулла, таеквондодан жаттықтырушылар Ан Александр және Есильбаев Нұржан, грек-рим күресінен жаттықтырушы Исмаилов Ринат.