Азия чемпионаты Армрестлинг

2024 жылдың 20-23 мамыр аралығында Ташкент (Өзбекстан) қаласында армрестлингтен тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру және есту қабілеті төмен спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа 18 мемлекеттен – 545 спортшы қатысты.

Оның ішінде Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 15 спортшы қатысып 16 алтын, 11 күміс, 2 қола медальға қол жеткізді.

Жалпы командалық есепте ҚР ұлттық құрама командасы – 1 орынды жеңіп алды.

Жекелей көрсеткіштер:

1 орын:

– Байсақалов Нұрсұлтан (70 кг, оң және сол қол, есту қ.т.);

– Сәткей Ансар (60 кг оң және сол қол, есту қ.т.);

– Садырбеков Абай (80 кг оң және сол қол, ТҚАЗ);

– Рахымбаева Жарқынай (85 кг оң және сол қол, ТҚАЗ);

– Попов Александр (55 кг оң және сол қол, ТҚАЗ);

– Рахымберды Ержігіт (85 кг оң қол, ТҚАЗ);

– Назаров Даниил (80 кг оң және сол қол, ТҚАЗ);

– Джидебаев Аят (60 кг оң және сол қол, ТҚАЗ);

– Минуров Юнус (55 кг сол қол, жастар, есту қ.т.).

2 орын:

– Жүзбаев Алдияр (80 кг оң және сол қол, есту қ.т.);

– Жумабаев Сериккали (70 кг оң және сол қол, көру қ.т.);

– Минуров Юнус (55 кг сол қол, жастар, есту қ.т.);

– Умаров Салман (55 кг оң және сол қол, ТҚАЗ);

– Сейтхан Дарын (55 кг оң және сол қол, жастар, ТҚАЗ);

– Тұрсынов Алмаз (85 кг оң және сол қол, көру қ.т.).

3 орын:

– Аманбек Өркенжан (70 кг оң және сол қол, ТҚАЗ).

Спортшылардың бапкерлері: Сәнім Нышаналы, Мойсиади Диана, Рейисов Ислам, Трубин Виталий.

Еркін және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты

2024 жылдың 15-20 сәуір аралығында Түркістан қаласында еркін күрес U-23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының  чемпионаты өтті. Чемпионатқа Алматы  қаласы, Шымкент қаласы мен Ақмола облысы, Алматы облысы,  Батыс Қазақстан облысы,  Ақтөбе облысы, Қостанай облысы, Жетісу облысы, Түркістан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облыстарынан 92-ге жуық спортшы қатысты.

«Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КМҚК-нан 4 спортшы қатысып 6 жүлделі орындарға ие болса, еркін  күрестен командалық есепте 3 орынды  жеңіп алды.

.

Жарыстың қорытындысы:     

Еркін күрес  U-23

Аты-жөні, тегі Салмақ дәрежесі Орны
1 Кокамбаев Жан Маратұлы 70 кг 2 орын
2 Жаксымбек Дәурен Егизбайұлы 92 кг 1 орын
3 Амангелді Нұргелді Ерланұлы 97 кг 1 орын

Грек-рим  күресі U-23

Аты-жөні, тегі Салмақ дәрежесі Орны
1 Амангелді Нұргелді Ерланұлы 97 кг 1 орын

Еркін күрес  Жасөспірімдер

Аты-жөні, тегі Салмақ дәрежесі Орны
1 Мырзахмет Нышанбек Ержанұлы 60 кг 1 орын

Грек-рим  күресі  Жасөспірімдер

Аты-жөні, тегі Салмақ дәрежесі Орны
1 Мырзахмет Нышанбек Ержанұлы 60 кг 1 орын

 

ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Е.Конысбаевты Құттықтаймыз!!! 

 

Құттықтаймыз!

Ағымдағы жылдың 17-19 мамыр аралығында Сингапур қаласында өтіп жатқан Әлемдік Серияда ел мақтанышы Габидуллина Зульфия 150 метр кешенді жүзуде (комплекс) 03:43.87 көрсеткішпен алтын медальді жеңіп алды.

Жеке бапкері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бейсембаев Саттар Ерғалиұлы.

Құттықтаймыз!

Аталған жарысқа 21 мемлекеттен 120-ға жуық спортшылар қатысуда.

Жарыс 19 мамырға дейін жалғасады.

 

Сурдо шахматтан ересектер және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты туралы МӘЛІМЕТ

Сурдо шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты 2024 жылдың 03-12 сәуір аралығында Ақтөбе қаласында өтті.

Чемпионатқа қатысқан командалар: Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жетісу, Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, СҚО облыстары және Астана, Алматы, Шымкент  қалаларынан – 64 спортшы қатысты.

Жамбыл облысы Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан  4 спортшы қатысып классикадан Имашов Амиржан -2 орын жеңіп алса, блицтен Нурымов Берик– 3 орынға қол жеткізді.

Дайындаған жаттықтырушы Ерғазы Дулат

 

Арбадағы спорттық биден Қазақстан Республикасының чемпионаты туралы МӘЛІМЕТ

Арбадағы спорттық биден Қазақстан Республикасының Кубогы 2024 жылдың 13-14 сәуір аралығында Астана қаласында өтті.

Чемпионатқа қатысқан командалар: Абай, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, БҚО  облыстары және Астана, Алматы, Шымкент  қалаларынан -28  спортшы қатысты.

Жамбыл облысы Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан  4 спортшы қатысып 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальға қол жеткізді.

Аманбеков Талғат- Ахметов Наргиза «Duo standard class 2»- 1 орын

Аманбеков Талғат-Ахметов Наргиза «Duo Latin class 2» -1 орын

Ахметов Наргиза  «Women’s single class 2» -2 орын

Ахметов Наргиза  «Women’s freestyle class 2»  -2 орын

Бейсебаева Балжан «Women’s solo class 1» – 3 орын

Мұсаева Әсел «Women’s juner single class 2» – 3 орын

Дайындаған жаттықтырушы Аубакиров Габит Бектасұлы

 

СУРДО ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

2024 жылдың 12-14 сәуір аралығында Түркістан қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында дзюдодан ел тарихында тұңғыш рет ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ өтті.

Аталған жарысқа 21 мемлекеттен 150-ге жуық спортшы қатысты.

Қазақстанның Ұлттық құрама сапында 21 спортшы ел намысын қорғаса. Оның ішінде Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 4 спортшы қатысты.

Олар: Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шеберлері, «Кашиас-ду-Сул-2022» жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері Түгелбаев Айдос, Краморова Анна, Кара оглы Фериде және  ҚР спорт шебері Абишова Айгерім сынды спортшылар ел намысын қорғады.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы медальдық есепте 5 алтын, 6 күміс және 5 қоламен 2-ші орынды иеленді.

Сонымен қатар, Чемпионатта ерлер арасында командалық жарыста ұлттық құрама 1 орынға, әйелдер құрамасы 3-ші орынға ие болды және Қазақстан құрама командасы Ката бағдарламасында жеңімпаз атанды.

Оның ішінде, Жамбылдық спортшылар жекелей 2 күміс, 1 қола медальға, сонымен қатар командалық жарыста ерлер арасында 1 алтын және әйелдер арасында 2 қола медальға қол жеткізді.

Олар: Ерлер арасында:

– Түгелбаев Айдос 90 келіде – жекелей 2 орын, командалық жарыста 1 орын;

  Әйелдер арасында:

–  Кара оглы Фериде 52 келіде – жекелей 3 орын;

– Краморова Анна 78 келіде – жекелей 2 орын, командалық жарыста 3 орын;

– Абишова Айгерім 57 келіде – командалық жарыста 3 орын иеленді.

 

Спортшылардың жеке бапкері, Лукманов Хайрулла Ануарбекұлы.

 

СУРДО ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗ-ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАРСАЛУ РӘСІМІ

 

Жеңімпаз жүлдегер атанған спортшыларды салтанатты қарсы алу рәсімі 2024 жылдың 16 сәуір күні, Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтті.

Ісшара барысында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының дене шынықтыру және спортты дамыту бөлімінің басшысы Ізімбетов Назарбек Әжібекұлы жеңімпаз-жүлдегер атанған спортшылармен олардың жеке бапкерін құттықтады және «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының басшысы Бейсембаев Саттар Ерғалиұлы алғысын білдірді.

Сонымен қатар, жоғары жетістікке жеткен спортшыларға, Қазақстан Халық банкі акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалының директорының орынбасары Джума-Ахунов Нуриддин Абдуллаевич демеушілік сертификаттар табыстады.

Аталған демеушіге Жамбыл облысының «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КМҚК-ы атынан Үлкен алғыс білдереміз.

 

Тоғызқұмалақтан тірек-қимыл аппараты зақымдалған және көру қабілеті төмен ересектер және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты туралы МӘЛІМЕТ

Тоғызқұмалақтан тірек-қимыл аппараты зақымдалған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты 2024 жылдың 1-10 сәуір аралығында Қарағанды қаласы, Н.Абдиров атындағы спорт сарайында өтті.

Чемпиоантқа қатысқан командалар: Абай, Алматы, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Маңғыстау, Жамбыл, ШҚО. Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалаларыанан – 125 спортшы қатысты.

Жамбыл облысынан 14 спортшы қатысты, оның ішінде 2 спортшы Талас ауданы, «Үміт» мектеп-интернатынан қатысты (Асанқызы Арай, Ауданбек Сабит)

Жарыстың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының құрама командасы  классикадан-1 күміс, 4 қола медаль, рапидтен  2 алтын, 5 қола медаль барлығы 12 жүлделі орынға қол жеткізді.

Командалық есепте рапид түрінен – 2 орын иегері атанды.

 

КЛАССИКА

Орын Аты-жөні Жас ерекшелігі Мүгедектігі
ІІІ Игиликова Мадина Ересектер Көру қ.т.
ІІ Бектұрган Ақжол Жастар Көру қ.т.
ІІІ Тілеке Рамазан Жастар Көру қ.т.
ІІІ Қапашова Ақерке Жастар ТҚАЗ
ІІІ Асанқызы Арай Жастар ТҚАЗ

 

РАПИД

Орын Аты-жөні Жас ерекшелігі Мүгедектігі
І Кутубай Аружан Ересектер Көру қ.т.
ІІІ Сарбай Нұрдана Ересектер Көру қ.т.
І Бектұрган Ақжол Жастар Көру қ.т.
ІІІ Тілеке Рамазан Жастар Көру қ.т.
ІІІ Қапашова Ақерке Жастар ТҚАЗ
ІІІ Абдрасилов Абдумалик Жастар ТҚАЗ
ІІІ Асанқызы Арай Жастар ТҚАЗ

 

2024 жылдың 04-09 сәуір аралығында Павлодар қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында  жүзуден  арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

2024 жылдың 04-09 сәуір аралығында Павлодар қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында  жүзуден  арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Чемпионатқа қатысқан командалар: Астана, Алматы, Көкшетау, Қостанай, Шымкент қалаларымен Абай,  Атырау, Ақтөбе, Жетісу,Жамбыл,  Қарағанды, Павлодар облыстарынан 114-ге жуық  спортшы қатысты.

Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 11 спортшысы қатысып

Ересектер арасында:  2-алтын, 7-күміс, 3-қола

Жастар арасында:  8-алтын, 5-күміс медальдарға  қол  жеткізді.

Жалпы командалық есепте 2009-2011 жастар арасында – 1 орынды иеленді.

 

1 Раймбеков Руслан Муратұлы 400 м к/ж 2 орын
50 м батт 2 орын
200 комп 2 орын
2 Васильев Виктор Алексеевич 100 м брасс 2 орын
50 м брасс 2 орын
3 Закутняя Софья Николаевна

 

200 м батт 1 орын
800 м е/ж 1 орын
400 м е/ж 2 орын
4 Васильева Эвилина Алексеевна

 

200 м ш/ж 2 орын
100 м арқамен 3 орын
5 Вощенчук Никита  Олегович

 

200 м батт 3 орын
6 Эстафета

Ұл-қыз

4х100 кешенді микс 3 орын
Жастар
7 Еркімбек Мұхамед Қазбекұлы

жастар

 

200 м е/ж 1 орын
800 м е/ж 1 орын
400 м е/ж 1 орын
8 Полетаева Анастасия Сергеевна

жастар

50 м брасс 2 орын
100 м е/ж 2 орын
100 м арқамен 1 орын
9 Темірбек Қымбат Маратқызы

жастар

50 м ш/ж 2 орын
50 м батт 1 орын
50 м е/ж 2 орын
10

 

Закутний Тимофей Николаевич

жастар

50 м  баттт 2 орын
100 м арқамен 1 орын
200 м  комп 1 орын
11 Эстафета жастар

Ұл-қыз

4х100 аралас е/ж микс 1 орын

Пара таеквондодан Қазақстан Республикасының Кубогы

2025 жылдың  04-07 сәуір  аралығында Шымкент  қаласында пара таеквондодан  Қазақстан  Республикасының  Кубогы өтті

Жарысқа қатысқан командалар: Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Түркістан, Абай, Павлодар, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарынан 52-ге  спортшы қатысты.

Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан                  10 спортшы қатысып 4 алтын 3 күміс 2 қола медальға қол жеткізді.

Командалық есеп бойынша

1 орын Жамбыл облысы

2 орын Батыс Қазақстан облысы

3 орын Атырау облысы

Тегі, атыСалмақ дәрежесіОрын
Жуманғали АйбекК 44 63 кг1 орын
Дамрин НикитаПумсе Р331 орын
Асқар ДінмухаммедК44 70 кг1 орын
Жақсыкелді НұртасПумсе Р351 орын
Дауылбаев ДиасПумсе Р352 орын
Мухитдинов КалкенК44  +80 кг2 орын
Актлеуов НышанбекК44 58кг2орын
Ержанов ЖумагалиК44  80 кг3 орын
Бекбауов БекзатК 44 70 кг3 орын

Дайындаған жаттықтырушы Есильбаев Нуржан, Ан Александр, Ысқақ Елдос.

Шахматтан көру органдары және тірек-қимыл аппараты зақымдалған  жастар арасындағы Қазақстан Республикасы  чемпионаты 2025 жылды 24-31 наурыз аралығында  Павлодар  қаласында  өтті. 

Абай,  Атырау,    Павлодар,   Түркістан,  Жамбыл,  Қарағанды облыстары мен       Астана,       Шымкент қалаларынан 27 спортшы қатысты. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 6 спортшы қатысып, 2 қола медальға қол жеткізді.

Ахмедова Лора (классика)  3 орын                  

Ахмедова Лора(рапид)        3 орын

Дайындаған жаттықтырушы Ерғазы Дулат