Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасының Кубогы

2023 жылдың 12-17 наурыз аралығында Тараз қаласында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Волейболды отырып ойнаудан жарысқа қатысқан командалар: Астана, Шымкент, қалалары мен Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысы, Қызылорда облысы, Жамбыл облыстарынан 80-ге жуық спортшы қатысты. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 12 спортшы қатысып ІІІ жүлделі орынға ие болды. Дайындаған Волейболды отырып ойнаудан жаттықтырушы Сапарбеков Нұрғазы Әбілдәбекұлы.