ПАРАТАЕКВОНДОДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ.

Жеңімпаз:

Өмірәлі Нышан (К44, 80 кг). @nishan_omirali

Екінші орын:

Турдалин Темурлан (К44, 80 кг)

Жұманғали Айбек (К44, 63 кг)

Қола жүлде:

Ержанов Жұмағали (К44, 70 кг)

Мухитдинов Калкен (К44, 80 кг) Жаттықтырушы Есілбаев Нұржан Шалайбайұлы @by rzhan_o8

1-4.06.2022 ж. Тараз қаласы.

Паратаеквондодан

Қазақстан Республикасының чемпионаты

«Көркем гимнастика және үстел теннисі» спорт кешенінде Паратаеквондодан  Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

Чемпионатқа: Атырау, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Жамбыл облыстары мен  Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 40 жуық  спортшы қатысуда.

2022 жылдың 2-3 сәуір аралығында Қарағанды қаласында арбадағы спорттық биден тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті

Чемпионаты өтті

2022 жылдың 27-30 наурыз аралығында Тараз қаласында Балалар жылына орай «64» шаршы дойбыдан көру қабілеті төмен спортшылар арасында жекелей Жамбыл облысының чемпионаты өтті. Чемпионатқа Шу, Т.Рыскулов, Байзақ, Жуалы, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласынан 19 ер, 10 әйел қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша: Ерлер арасында.

1 орын – Ни Евгений Тараз қ;

2 орын – Муратов Амангельды Тараз қ;

3 орын – Әбдір Мұхаммедәмин Жуалы ауд;

3 орын – Оспанов Сагат Байзақ ауд.

Әйелдер арасында.

1 орын – Хусеинова Зейне Тараз қ;

2 орын – Орманова Гульнар Т.Рысқұлов ауд;

3 орын – Ізтлеу Айдана Тараз қ;

3 орын – Егембаева Еңлік Жамбыл ауд.

Чемпионаты өтті.

2022 жылдың 2-3 сәуір аралығында Қарағанды қаласында арбадағы спорттық биден тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Чемпионатқа: Алматы қаласы, Алматы облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, ШҚО, СҚО Жамбыл облыстарынан 35 спортшы қатысты. Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 5 спортшы және Тараз қаласының «Асыл-ай» Мүгедектер қоғамдық бірлестігінен 3 спортшы қатысты. «Асыл-ай» МҚБ-ң жетекшісі Шихова Факия Хабировна.

Жарыстың қорытындысы бойынша, Жамбыл облысының спортшылары 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медальдарға қол жеткізді:

– Аманбеков Талғат және Ахметова Наргиза «Дуо стандарт» – 1 орын (ДМШАА спорт клубы);

– Аманбеков Талғат және Ахметова Наргиза «Дуо фристайл» – 1 орын (ДМШАА спорт клубы);

– Ахметова Наргиза жекелей «Фристайл» – 1 орын (ДМШАА спорт клубы);

– Ахметова Наргиза жекелей «Сингл» әйелдер – 1 орын (ДМШАА спорт клубы);

– Аманбеков Талғат және Ахметова Наргиза «Дуо» латина – 2 орын (ДМШАА спорт клубы);

– Аманбеков Талғат жекелей «Сингл» ерлер – 3 орын (ДМШАА спорт клубы);

– Даулет Жұлдызай жасөспірімдер қыздар «Фристайл» – 2 орын («Асыл-ай» МҚБ).

Спортшыларды дайындаған, Аубакиров Габит Бектасович және Шихова Факия Хабировна.

 

Пара жүзуден Әлем Кубогінің Дүниежүзілік сериясы

2022 жылдың  31 наурыз – 3 сәуір аралығында пара жүзуден  Берлин (Германия) қаласында Әлем Кубогінің Дүниежүзілік сериясы өтті.  Жарысқа әлемнің 51 елінен және Германияның 29 клубтық командасынан 421 спортшы қатысып, 2172  жүзу қашықтықта жарысты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық құрама командасынан  4 спортшы қатысты, Олар: Жүзуден ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Токио 2020 жазғы Паралимпидалық ойындарының қола жүлдегері Жұмағали Нұрдаулет (Жамбыл облысы), ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Искра Айбек (Жамбыл облысы), Щепов Иван (Павлодар облысы) және ҚР спорт шебері Синельникова Алина (Ақмола облысы).

Ұлттық құрама командасының Әлем Кубогына қатысуының негізгі мақсаты:

–  Спортшылардың көз сырқаттарының диагноздарына сәйкес халықаралық классификациядан өту кезінде – S/SB/SM халықаралық класстарын растау және алу.

–    Жарыс бағдарламасына сәйкес 2022 жылы өтетін Әлем чемпионатына және Пара Азия ойындарына қатысу үшін нормативтерді орындау.

–      Әр түрлі деңгейдегі медальдарға қол жеткізу.

Жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы 4 күміс, 2 қола медальдарды иеленді. Жамбыл облысының спортшыларының жеке көрсеткіштері бойынша төмендегі нәтижелерге қол жеткізді:

  1. Жұмағали Нұрдаулет Абсалюттық (S1-S14) класстар арасындағы 200 метр брасс қашықтықта және 50 метр брасс қашықтықта күміс медальға қол жеткізді;
  2. Айбек Искра 50 метр арқада жүзу қашықтықта қол медальді иеленді.

             Спортшыларды дайындаған, пара жүзуден ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бейсембаев Саттар Ерғалиұлы

2022 жылдың 27-30 наурыз аралығында Тараз қаласында Балалар жылына орай «64» шаршы дойбыдан көру қабілеті төмен спортшылар арасында жекелей Жамбыл облысының чемпионаты өтті

Игиликова Мадина тоғызқұмалақтан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатының жеңімпазы атанды.

2022 жылдың 14-25 наурыз аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Шардж және Дубай қалаларында пара жеңіл атлетикадан «Шардж-2022» ашық халықаралық турнирі және «Дубай-2022» Гран При Әлемдік сериясы өтті.

«Шардж-2022»

2022 жылдың 14-25 наурыз аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Шардж және Дубай қалаларында пара жеңіл атлетикадан «Шардж-2022» ашық халықаралық турнирі және «Дубай-2022» Гран При Әлемдік сериясы өтті. Шардж қаласында өткен жарысқа 27 мемлекеттен 400-ге жуық спортшылар және Дубай қаласында өткен жарысқа 42 мемлекеттен 500-ге жуық спортшылар қатысты.

Қазақстан Республикасының ұлттық құрама сапында 21 спортшы ел намысын қорғады, оның ішінде Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 2 спортшы қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша ұлттық құрама спортшылары 2 жарыста 4 алтын, 7 күміс және 14 қола медельдарға қол жеткізді. Оның ішінде Жамбыл облыысының спортшылары Әбілхасымқызы Салтанат 400 метр жүгіруде 1 күміс, 100 метр жүгіруде 2 қола медальдарға және Яковлева Анастасия 400 метр жүгіруде қола медальға қол жеткізді.

Спортшылардың жеке жаттықтырушысы, Мамашаев Тахир Рахимович.

 

2022 жылдың 10-17 наурыз аралығында Семей қаласында шахматтан тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен сортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.