Пара жүзуден Әлем Кубогінің Дүниежүзілік сериясы

2022 жылдың  31 наурыз – 3 сәуір аралығында пара жүзуден  Берлин (Германия) қаласында Әлем Кубогінің Дүниежүзілік сериясы өтті.  Жарысқа әлемнің 51 елінен және Германияның 29 клубтық командасынан 421 спортшы қатысып, 2172  жүзу қашықтықта жарысты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық құрама командасынан  4 спортшы қатысты, Олар: Жүзуден ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Токио 2020 жазғы Паралимпидалық ойындарының қола жүлдегері Жұмағали Нұрдаулет (Жамбыл облысы), ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Искра Айбек (Жамбыл облысы), Щепов Иван (Павлодар облысы) және ҚР спорт шебері Синельникова Алина (Ақмола облысы).

Ұлттық құрама командасының Әлем Кубогына қатысуының негізгі мақсаты:

–  Спортшылардың көз сырқаттарының диагноздарына сәйкес халықаралық классификациядан өту кезінде – S/SB/SM халықаралық класстарын растау және алу.

–    Жарыс бағдарламасына сәйкес 2022 жылы өтетін Әлем чемпионатына және Пара Азия ойындарына қатысу үшін нормативтерді орындау.

–      Әр түрлі деңгейдегі медальдарға қол жеткізу.

Жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы 4 күміс, 2 қола медальдарды иеленді. Жамбыл облысының спортшыларының жеке көрсеткіштері бойынша төмендегі нәтижелерге қол жеткізді:

  1. Жұмағали Нұрдаулет Абсалюттық (S1-S14) класстар арасындағы 200 метр брасс қашықтықта және 50 метр брасс қашықтықта күміс медальға қол жеткізді;
  2. Айбек Искра 50 метр арқада жүзу қашықтықта қол медальді иеленді.

             Спортшыларды дайындаған, пара жүзуден ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бейсембаев Саттар Ерғалиұлы

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған