Чемпионаты өтті.

2022 жылдың 2-3 сәуір аралығында Қарағанды қаласында арбадағы спорттық биден тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Чемпионатқа: Алматы қаласы, Алматы облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, ШҚО, СҚО Жамбыл облыстарынан 35 спортшы қатысты. Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 5 спортшы және Тараз қаласының «Асыл-ай» Мүгедектер қоғамдық бірлестігінен 3 спортшы қатысты. «Асыл-ай» МҚБ-ң жетекшісі Шихова Факия Хабировна.

Жарыстың қорытындысы бойынша, Жамбыл облысының спортшылары 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медальдарға қол жеткізді:

– Аманбеков Талғат және Ахметова Наргиза «Дуо стандарт» – 1 орын (ДМШАА спорт клубы);

– Аманбеков Талғат және Ахметова Наргиза «Дуо фристайл» – 1 орын (ДМШАА спорт клубы);

– Ахметова Наргиза жекелей «Фристайл» – 1 орын (ДМШАА спорт клубы);

– Ахметова Наргиза жекелей «Сингл» әйелдер – 1 орын (ДМШАА спорт клубы);

– Аманбеков Талғат және Ахметова Наргиза «Дуо» латина – 2 орын (ДМШАА спорт клубы);

– Аманбеков Талғат жекелей «Сингл» ерлер – 3 орын (ДМШАА спорт клубы);

– Даулет Жұлдызай жасөспірімдер қыздар «Фристайл» – 2 орын («Асыл-ай» МҚБ).

Спортшыларды дайындаған, Аубакиров Габит Бектасович және Шихова Факия Хабировна.

 

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған