Entries by admin

Пара жүзуден Әлем чемпионаты

2022 жылдың 12-18 маусым аралығында Фуншал қаласында (Мадейра аралы, Португалия) пара жүзуден Әлем чемпионаты басталды. Жарысқа әлемнің 60 мемлекетінен 509 спортшылар қатысуда. Қазақстан Республикасының құрама командасынан 4 үздік спортшы ел намысын қорғауда. Олар: Токио Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Нұрдаулет Жұмағали (Жамбыл облысы); Ашық Еуропа чемпионатының жеңімпазы Сиязбек Далиев (Нұр-Сұлтан қаласы); Токио Паралимпиада ойындарының қатысушысы Нұрали […]

ПАРА ПАУЭРЛИФТИНГТЕН АШЫҚ ПАНАМЕРИКА ЧЕМПИОНАТЫ

Америка Құрама Штаттарының Сент-Луис қаласында пара пауэрлифтингтен ашық ПАНАМЕРИКА ЧЕМПИОНАТЫ өтуде. Аталған байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған жамбылдық Карибай Ерболат 49 келіде жастар арасында көтерген салмақ нәтижесі бойынша жеңімпаз атанса, сондай-ақ ересектер сапында күміс жүлдеге қол жеткізді. Сайыстар нәтижесіне сәйкес 2 алтын, 2 күміс медаль иеленді.

Күтіп алу рәсімі өтті

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Хошимин қаласында жалауы желбіреген Азия чемпионатында паратаеквандодан +80 кг салмақ дәрежесінде Өмірәлі Нышан күміс жүлде, жасөспірімдер сапында Таеквандо Серікбай Айым 33 келі салмақта екінші орын, жастар арасында Қуандық Нұрасыл (78 кг) қола, сондай-ақ жасөспірімдер арасында 44 келіде жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көріннен Жұмабек Нұрайым сонымен қатар, құрлық додасында 55 […]

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ (СУРДО)

Тараз қаласы, Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының спорт кешенінде ұйымдастырылған ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ өз мәресіне жетті. Жарысты грек-рим күресінің шеберлері қорытындылаған болатын. Облыс құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде олжалап, жалпы командалық есепте Алматы қаласынан кейін екінші орынға табан тіреді. Ал үздік үштікті Ақмола облысының құрамасы түйіндеді. Жамбыл облысы құрамасы сапында жеңімпаз және жүлдегер атанған […]

Дзюдо күтіп алу рәсімі өтті.

Бүгін Тараз қаласының Шығыс қақпасында Кашиас-ду-Сул қаласында (Бразилия) өтіп жатқан ХХІV жазғы Сурдлимпиада ойындарында жүлдегер атанған спортшыларды салтанатты күтіп алу рәсімі өтті. Айта кетейік, Ұлттық құрама сапында Жамбыл облысынан Дзюдо күресінен Краморова Анна жекелей сында күміс, командалық жарыста қола медаль иеленсе, Кара оглы Фериде жекелей және командалық жарыста үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар Егембердиева […]

2022 жылдың 28-30 маусым аралығында Ақтөбе қаласында пара жүзуден ересектер мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтті.

Чемпионатқа еліміздің 17-і өңірінен 130-ға жуық спортшы қатысты. Жамбыл облысының намысын  12-і спортшы  қорғады. Олардың арасында Тұңғыш Рио Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллина, Токио Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Нұрдаулет Жұмағали сынды атақты жүзушілер бар. Жалпы облыс құрама командасы 23 алтын, 7 күміс, 1 қола медаль ұтып алды. Оның ішінде, көру қабілеті төмен ересек спортшылар – […]

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Нұржан Нұржігітов Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері және қатысушыларымен кездесті.

Кездесуде аймақ басшысы аталған байрақты бәсекеде ел намысын лайықты қорғап, нәтижелі өнер көрсеткен жамбылдық спортшыларды құттықтап, ризашылығын жеткізді. Нақтырақ айтқанда, аталған Сурдлимпиадалық ойындарында еркін күрестен екінші орын иеленген Ғабит Есжанов пен Ғасыр Тұрғынбайға, және дзюдодан 2 орынды жеңіп алған Анна Крамороваға 2 бөлмелі пәтердің сертификаты берілді. Ал, таэквондодан үшінші орын иеленген Олжас Рысжановқа, грек-рим күресінен […]

Кашиас-ду-Сул қаласында (Бразилия) өтіп жатқан ХХІV жазғы Сурдлимпиада ойындарындағы Жамбыл облысының спортшыларының бүгінгі күнге жетістіктері:

Дзюдо күресі: Краморова Анна жекелей сында күміс, командалық жарыста қола медаль. Кара оглы Фериде жекелей және командалық жарыста қола медаль. Егембердиева Эвелина және Түгелбаев Айдос командалық жарыста қола медальдарға қол жеткізді. Таеквондо (Пумсе): Рысжанов Олжас жекелей және жұпта екі қола медальға қол жеткізді.

Тараз қаласының Шығыс қақпасында Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен жүлдегер атанған Нұржан Асанды салтанатты күтіп алу рәсімі

Тараз қаласының Шығыс қақпасында Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен жүлдегер атанған Нұржан Асанды салтанатты күтіп алу рәсімі

ЖАМБЫЛДЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

НЕМЕСЕ ОБЛЫС ҚОРЖЫНЫНА ТАҒЫ БІР ЖҮЛДЕ НҰРЖАН АСАН СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ Кашиас-ду-Сул қаласында (Бразилия) өтіп жатқан ХХІV жазғы Сурдлимпиада ойындарында облыс қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. Грек-рим күресінен Сурдлимпиада ойындарында 77 келіде Ел намысын қорғаған Нұржан Асан қола жүлдегер атанды