Дзюдо күтіп алу рәсімі өтті.

Бүгін Тараз қаласының Шығыс қақпасында Кашиас-ду-Сул қаласында (Бразилия) өтіп жатқан ХХІV жазғы Сурдлимпиада ойындарында жүлдегер атанған спортшыларды салтанатты күтіп алу рәсімі өтті.

Айта кетейік, Ұлттық құрама сапында Жамбыл облысынан Дзюдо күресінен Краморова Анна жекелей сында күміс, командалық жарыста қола медаль иеленсе, Кара оглы Фериде жекелей және командалық жарыста үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар Егембердиева Эвелина және Түгелбаев Айдос командалық жарыста қола медальдарға қол жеткізген болатын.

 

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған