ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ (СУРДО)

Тараз қаласы, Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының спорт кешенінде ұйымдастырылған ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ өз мәресіне жетті.

Жарысты грек-рим күресінің шеберлері қорытындылаған болатын. Облыс құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде олжалап, жалпы командалық есепте Алматы қаласынан кейін екінші орынға табан тіреді. Ал үздік үштікті Ақмола облысының құрамасы түйіндеді.

Жамбыл облысы құрамасы сапында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар:

Алтын:

Досжанов Абзал (82 кг)

Асан Нуржан (77 кг)

Күміс:

Аңсабек Рауан (67 кг)

Бекжанов Елдос (67 кг)

Қола:

Сабитов Багдат (82 кг)

Жалпы жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Алматы, Қостанай, Атырау, Жамбыл, Аөтөбе, Түркістан, БҚО облыстарынан 70-ке жуық спортшы қатысқан болатын.

Айта кетейік, еркін және грек-рим күресінен есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы мамыр айында Бразилияда өтетін Сурдлимпиада ойындары алдындағы негізгі іріктеу жарысы болып табылады.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған