Тоғызқұмалақтан тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты

 2022 жылдың 11-17 шілде аралығында тоғызқұмалақтан  тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қабанбай аулында өтті.

Жарысқа қатысқан командалар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, қалалары мен Жамбыл, Түркістан, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Қарағанды, Жетісу, БҚО, Ақтөбе облыстарынан 69 спортшы қатысты.

Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 9 спортшы қатысып 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальға қол жеткізді. Олар:

  • Шәміл Ришат ерлер арасында 1 орын (көз сырқаты);
  • Таласбаев Бекзат ерлер арасында 3 орын (көз сырқаты);
  • Сарбай Нұрдана әйелдер арасында 1 орын (көз сырқаты);
  • Игиликова Мадина әйелдер арасында 2 орын (көз сырқаты).

Жалпы көру қабілеті төмен спортшылар арасында Жамбыл облысының қомандасы командалық есепте 1 орынды жеңіп алды.

Спортшыларды дайындаған жаттықтырушы: Шәміл Ришат Шәмілұлы. Құттықтаймыз!!!

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған