Еркін және грек-рим күресінен есту қабілеті төмен жасөспірімдер, жастар және U-23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты

2022 жылдың 1-5 тамыз аралығында Қостанай қаласында еркін және грек-рим күресінен есту қабілеті төмен жасөспірімдер, жастар және U-23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Еркін күрестен U-23 жасқа дейінгі жастар арасындағы өткен чемпионатқа 10 командадан 37 спортшы қатысты. Чемпионаттың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының спортшылары 4 алтын, 3 қола медальдарға қол жеткізді.

Жастар арасында еркін күрестен 10 командадан 17 спортшы қатысты, чемпионаттың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының спортшылары 1 алтын, 1 қола және  жасөспірімдер арасында 16 спортшы қатысып Жамбыл облысының спортшылары 1 күміс медальға қол жеткізді.

Грек-рим күресінен U-23 жасқа дейінгі жастар арасындағы өткен чемпионатқа 10 командадан 41 спортшы, жастар арасында 21 спортшы және жасөспірімдер арасында 25 спортшы қатысты. Чемпионаттың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының спортшылары U-23 жасқа дейінгі жастар арасындағы өткен чемпионатта 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медальдарға, жастар арасында 2 алтын медальдарға және жасөспірімдер арасында 1 күміс медальға қол жеткізді.

                                                           Жарыстың нәтижесі

Еркін күрестен

Тегі, аты Кг Орын
U-23 жасқа дейінгі жастар арасында
1 Тәңірберген Ерсұлтан 61 кг 3 орын
2 Рахатбекуулу Фархат 65 кг 3 орын
3 Аңсабек Рауан 70 кг 3 орын
4 Жамбыл Әділет 74 кг 1 орын
5 Тұрғынбай Ғасыр 79 кг 1 орын
6 Досжанов Абзал 86 кг 1 орын
7 Амангелді Нұргелді 97 кг 1 орын
Жастар
1 Тәңірберген Ерсұлтан 61 кг 3 орын
2 Рахатбекуулу Фархат 65 кг 1 орын
Жасөспірімдер
1 Мырзахмет Нышанбек 55 кг 2 орын

 

Грек-рим  күресі

Тегі, аты Кг Орын
U-23 жасқа дейінгі жастар арасында
1 Аңсабек Рауан 67 кг 1 орын
2 Бекжанов Елдос 72 кг 2 орын
3 Досжанов Абзал 77 кг 1 орын
4 Асан Нұржан 87 кг 1 орын
5 Амангелді Нұргелді 97 кг 3 орын
  Жастар    
1 Тәңірберген Ерсұлтан 63 кг 1 орын
2 Рахатбекуулу Фархат 67 кг 1 орын
  Жасөспірімдер    
1 Мырзахмет Нышанбек 55 кг 2 орын

 

Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 9 спортшы қатысып жалпы командалық есепте еркін күрестен 1 орын, грек-рим күресіненен – 2 орын иегері атанды. Дайындаған еркін күрестен Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ерназар Конысбаев.

 

 

 

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған