Заң және тәртіп

2025 жылдың 11 ақпан күні «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» үшін маңызды жиналыс өтті. Кездесуге құқық қорғау органдары, білім басқармасы, психологиялық қолдау орталығы, полиция басқармасы, әкімшілік полиция және дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілдері қатысты.

          Жиынның басты тақырыбы – құқықтық сауаттылық, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, психологиялық қолдау, жол қауіпсіздігі және деструктивті діни ағымдардың алдын алу болды.

Жаттықтырушылар мен мамандар маңызды ақпараттармен танысып, өзекті сұрақтарына жауап алды. Осындай кездесулер спорт клубының жұмысын тиімді жүргізуге және қызметкерлердің біліктілігін арттыруға үлкен үлес қосады!

ПАРА ТАЕКВОНДОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР

 2025 жылдың 5-8 ақпан аралығында Анталья (Түркия) қаласында пара таеквондодан Халықаралық Turkish Open G-2 турнирі өтті. Жарысқа әлемнің 14 мемлекетінен 120-ға жуық спортшылар қатысты. Оның ішінде, Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 4 спортшысы қатысып , P34 Пумсе бағдарламасында Дамрин Никита күміс медальға қол жеткізді. Спортшыны дайындаған бапкерлері, Есілбаев Нұржан Шалабайұлы және Ан Александр Викторович.

АРМРЕСТЛИНГТЕН  ӘЛЕМ  КУБОГЫ

2025 жылдың 30 қаңтар – 03 ақпан   аралығында Ташкент (Өзбекстан) қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және есту қабілеті төмен спортшылар арасында армрестлингтен  ӘЛЕМ  КУБОГЫ  өтті.

Аталған жарысқа 17  мемлекеттен 413-ке жуық спортшы қатысты.

Қазақстанның Ұлттық құрама сапында 45 спортшы ел намысын қорғаса. Оның ішінде Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 23 спортшы қатысты.

Әлем Кубогының қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы    1-ші орынды иеленді.

Жарыстың қорытындысы:

Тірек-қимыл аппараты зақымданған  спортшылар (ересектер)

Аты-жөні, тегіСалмақ дәрежесіОрны
1Попов Александр Александрович50 кгОң қол   1 орын Сол қол  1 орын
2Орынбай Ернар Есілжанұлы70 ruОң қол   1 орын Сол қол  2 орын
3Рахымберды Ержігіт Нұржанұлы85 кгОң қол   1 орын  
4Алдебеков Амир Ардакович90 кгОң қол   1 орын Сол қол  3 орын
5Ратаев Адилет Зиятханович100 кгОң қол  1 орын Сол қол 1 орын
6Күмбезұлы Арсен50 кгОң қол 1 орын Сол қол 1 орын
7Абилда Серғали Нұрғисаұлы60 кгОң қол 1 орын Сол қол 1 орын
8Джидебаев Аят Серикович60 кгОң қол 2 орын Сол қол 2 орын
9Сембаев Мухамеджан Әбілсеитұлы70 кгОң қол 1орын Сол қол 1 орын
10Назаров Даниил Игоревич75 кгОң қол 1орын Сол қол 1 орын
11Садырбеков Абай Нұрғисаұлы80 кгОң қол 1орын Сол қол 1 орын
12Алиев Береке Талғатұлы+80 кгОң қол 1орын Сол қол 2 орын

Есту қабілеті төмен спортшылар (ересектер)

Аты-жөні, тегіСалмақ дәрежесіОрны
1Саткей Ансар Дахияұлы60 кгОң қол 2 орын Сол қол 1 орын
2Жүзбаев Алдияр Күмісбекұлы60 кгОң қол 1 орын Сол қол 2 орын
3Байсақалов Нұрсұлтан Жанатбекұлы80 кгОң қол 1 орын Сол қол 1 орын
4Джуматаев Азамат Аликович80 кгОң қол  2 орын Сол қол 2 орын
5Акрамов Рустам Тахирович+90 кгОң қол  2 орын Сол қол 2 орын
6Бижан Дария Рахымқызы50 кгОң қол 1 орын Сол қол 1 орын
7Верина Татьяна Александровна70 кгОң қол 1 орын Сол қол 1 орын
8Минуров Юнус Ильязович70 кгСол қол 3 орын
9Муса Рамазан Ержанұлы50 кгОң қол 3 орын Сол қол 3 орын
10Караянов Даниил Сергеевич60 кгОң қол 3 орын Сол қол 3 орын

Дайындаған жаттықтырушылары; Трубин Виталий Анатольевич, Мойсиади Диана Александровна, Рейисов Ислам Баходир угли.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!!!

Платформа «EgovKzBot2.0» была запущена для приема жалоб граждан на качество предоставления государственных услуг и установления эффективной обратной связи.

Платформа «EgovKzBot2.0» была запущена для приема жалоб граждан на качество предоставления государственных услуг и установления эффективной обратной связи.

С помощью этого бота граждане могут легко и оперативно решать возникающие вопросы по государственным услугам. Через платформу можно:

 Подать жалобу на качество предоставления государственных услуг

 Получить дополнительную информацию

Установить обратную связь для оперативного решения вопросов

Данная система экономит время и усилия граждан, а также направлена на повышение качества обслуживания.

Этот шаг по цифровизации государственных услуг — яркий пример использования современных технологий для удобства населения.

Попробуйте и вы воспользоваться ботом «EgovKzBot2.0»! Просто найдите его в Telegram и выберите удобный способ решения вашего вопроса.

Жыл қорытындысы

Пост № 1

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев спорт саласындағы жыл үздіктерін марапаттады.

 Салтанатты шарада өңір басшысы сөз алып, 2024 жыл жамбылдық спортшылар үшін есте қаларлық және табысты болғанын атап өтті. Ол қасиетті Әулиеата жерінен шыққан спортшылардың есімі төрткүл дүниеге танылғанын мақтанышпен айтты.

Биыл еліміз бойынша Жамбыл облысы «Үздік спорттық өңір» атанды.

 Республикалық, халықаралық додаларда өңір спортшылары 1 800-ге жуық медальға ие болды.

Ербол Қарашөкеев мемлекет тарапынан спортшыларға айрықша қамқорлық жасалып отырғанын айта келе, сала үздіктеріне құрмет көрсетті.

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КМҚК қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қоғам үшін қаншалықты маңызды екендігі атап өтілді

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КМҚК қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қоғам үшін қаншалықты маңызды екендігі атап өтілді. Қоғамның сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне төзімділік көрсетпейтіні және мұндай әрекеттердің қоғамның дамуына айтарлықтай кедергі келтіретіні айтылды. Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қатысудың салдары мен заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Сонымен қатар, барлық қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін заң талаптарын қатаң сақтаудың қажеттілігі ерекше атап өтілді.

Спорт клуб қызметкерлеріне діни экстремизм мен терроризм тақырыптарын түсіндіру, олардың қоғамға тигізетін әсерін көрсету, әлемдегі террористік әрекеттердің мәнін талқылау және қызметкерлердің діни көзқарастарын дұрыс қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізу туралы жиналыс өтті.

ПАУЭРЛИФТИНГТЕН 4 КУМІС ЕНШІЛЕДІ

ҚАНАТБЕК САНЖАР IBSA

ПАУЭРЛИФТИНГТЕН 4 КУМІС ЕНШІЛЕДІ

Бұл күндері Астана қаласында IBSA пауэрлифтингтен

Әлем чемпионаты өтуде.

Байрақты бәсекеде 67.5 келіде көру қабілеті төмен

спортшылар арасында бақ сынаған жамбылдық,

Қанатбек Санжар Әлем чемпионатының үш

бағрдарламасында 3 күміс және бағдарламалардың қорытындысы бойынша 1 куміс медаль иеленді.

Жоғары спорттық нәтиже көрсеткен спортшыны

жаттықтырған бапкер Греев Руслан Сайдикаримович.

2024 жылдың 13 қазан күні Тараз қаласы, Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының «Дене мүмкіндігі шектеулі жандар күніне» арналған «Спортта барлығы тең» атты спартакиадасы өтті. 

2024 жылдың 13 қазан күні Тараз қаласы, Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының «Дене мүмкіндігі шектеулі жандар күніне» арналған «Спортта барлығы тең» атты спартакиадасы өтті. 

Спартакиадаға қатысқан командалар: №1 «Өркен» арнайы мектеп интернаты, №2 «Болашақ» мектеп интернаты, №3 «Мейірім» мектеп интернаты, №4 «Үміт» мектеп-интернаты, «Қазақ соқырлар қоғамы» (ҚСК), «Қазақ саңыраулар қоғамы», №1 Арнаулы әлеуметтік орталығы, Мүгедек жастар қоғамы (МЖҚ), Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы (ДМШААСК). 

 Барлығы 261 азамат қатысты.

Нұрдәулет Жұмағали және жекебапкері Саттар Бейсембаев «ПАРАСАТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Олжас Бектенов Президент атынан Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті. Үкімет үйі ғимаратында XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылар құрамын марапаттау рәсімі өтті. Премьер-Министр Олжас Бектенов Президенттің атынан жоғары спорттық жетістіктері ушін мемлекеттік наградаларды табыс етті. Паралимпиада ойындарында жүзуден күміс медаль жеңіп алған жүзуші Нұрдаулет Жумағали және жеке бапкері Саттар Бейсембаев «Парасат» орденінің, иегері атанды.

Биыл Қазақстанның Паралимпиада құрамасы тоғыз медаль жеңіп алып, тарихи рекорд орнатты, атап айтқанда, 2 алтын, 3 күміс жене 4 қола медаль алды.

2024 жылдың 16-21 қыркүйек күндері Тараз қаласынын «Алаш Арена» футбол аланыңда футбол 5х5-тен көру қабілеті төмен спортшылар арасында Казакстан Республикасының чемпионаты өтті

Чемпионатқа, Алматы қаласы, Алматы, Актөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарынан 50-ге жуық, спортшы қатысты.

* Чемпионаттың, қорытындысы:

 1 орын- Алматы облысы командасы

 2 орын- Алматы каласы командасы

 3 орын- Жамбыл облысы командасы

* Чемпионатка қолдау көрсетіп, демеушілік көрсеткен:

«Алаш-Арена», «ФК Монтажник» «Омега Тараз», «Абдулла про спорт Тараз» ұжымына Алғыс білдіреміз.