Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында 17-ші – 19-шы наурыз күндері волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасының Кубогы өткен болатын.
/0 Comments/in Жаңалықтар /by adminЕлордамыз Нұр-Сұлтан қаласында 17-ші – 19-шы наурыз күндері волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасының Кубогы өткен болатын. Жалпы жарыс жүлдесін Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары сондай-ақ Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының командалары сарапқа салды.
Байрақты бәсекеде Жамбылдық құрам жеңімпаз атанса, екінші орын жарыс қожайыны Елордалықтарға бұйырды, үздік үштікті Батыс Қазақстан облысының командасы түйіндеді.
Сонымен қатар, жеңімпаз құраманы жаттықтырған Сапарбеков Нұрғазы «ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ» атанды.
Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті
/0 Comments/in Жаңалықтар /by admin2022 жылдың 10-17 наурыз аралығында Семей қаласында шахматтан тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен сортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Чемпионатқа, Қарағанды, БҚО, Жамбыл, Алматы, ШҚО, Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Қостанай, Павлодар, Атырау, Ақтөбе облыстарынан және Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 70-ке жуық спортшылар қатысты. Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 8 спортшы қатысты.
Жарыстың нәтижесі бойынша, Алимханов Абдурашид қөру қабілеті төмен ерлер арасында 3 орын және Приданова Вера тірек-қимыл аппараты зақымданған әйелдер арасында 3 орынды жеңіп алды.
Спортшылардың жаттықтырушысы Ерғазы Дулат Берікжанұлы. @dulatyergazy
Пара дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты
/0 Comments/in Жаңалықтар /by admin2022 жылдың 11-13 наурыз аралығында Түркістан қаласында пара дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Қатысқан командалар: БҚО, ШҚО, Түркістан, Павлодар, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда және Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 80 ге жуық спортшы қатысты. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 7 спортшы қатысты.
Бақытжан Жұмәділ J2 санатында 60кг салмақ дәрежесінде 3 орынды жеңіп алды.
Спортшылардың жаттықтырушысы Лукманов Хайрулла Ануарбекұлы.
Сурдо жеңіл атлетикадан жабық манежде Қазақстан Республикасының чемпионаты
/0 Comments/in Жаңалықтар /by admin2022 жылдың 3-5 наурыз аралығында сурдо жеңіл атлетикадан жабық манежде Қазақстан Республикасының чемпионаты Нұр-Сұлтан қаласында өтті.
Қатысқан командалар: БҚО, ШҚО, СҚО, Павлодар, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Манғыстау және Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 120-ға жуық спортшы қатысты. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 4 спортшы қатысты.
Қырықбай Қуаныш 60м, 200м қашықтықта 1 орынды жеңіп алды.
Сибирякова Яна- үштік секіруден 1 орынды жеңіп алса, 800м және ұзындыққа секіруден 2 орын иегері атанды.
Спортшылардың жаттықтырушысы Мамашаев Тахир Рахимович.
Дзюдодан есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы
/0 Comments/in Жаңалықтар /by adminДзюдо күресінен (сурдо) 2022 жылдың 20-22 ақпан аралығында Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Кубокқа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан 57 спортшы қатысты.
Жарыстың қортындысы бойынша Жамбыл облысының спортшылары 3 алтын және 3 қола медальдарға қол жеткізді.
Кара оглы Фериде 48 кг -1 орын;
Егембердиева Эвелина 57 кг – 1 орын;
Краморова Анна 78 кг – 1 орын;
Қалзабеков Еркін 73 кг – 3 орын;
Тугелбаев Айдос 81 кг – 3 орын;
Кабылбеков Рахимберли – 3 орын.
Спортшылардың жеке жаттықтырушысы Лукманов Хайрулла.
Голболдан көру қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы
/0 Comments/in Жаңалықтар /by adminГолболдан көру қабілеті төмен спортшылар арасында 2022 жылдың 20-22 ақпан аралығында Тараз қаласының Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Кубокке Алматы қаласы мен Алматы, Атырау, Түркістан, Жамбыл облыстары, сонымен қатар Түркістан облысынан «Арыс» және Жамбыл облысынан «Тараз-Болашақ» командалары қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша Алматы қаласы 1 орын, Жамбыл облысы 2 орын және Атырау облысы 3 орынды иеленді.
Жаттықтырушы Аргынбаев Ерлан.
Шахматтан Жамбыл облысының чемпионаты
/0 Comments/in Жаңалықтар /by admin2022 жылдың 15-18 ақпан аралығында Тараз қаласында шахматтан тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру және есту қабілеті төмен спортшылар арасында Жамбыл облысының чемпионаты өтті. Жарысқа Шу, Меркі, Т.Рысқұлов, Талас аудандары, Тараз қаласы, «Болашақ» және «Мейірім» мектеп интернаттарынан 35 спортшы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша спортшылар төмендегі нәтижеге қол жеткізді:
Ерлер (ТҚАЗ):
М.Джумабаев – І орын (Т.Рысқұлов ауд);
Ө.Камердинов – ІІ орын (Тараз қ.);
Ф.Сибагатуллин – ІІІ орын (Тараз қ.);
А.Абдрасилов – ІІІ орын (Талас ауд.).
Әйелдер (ТҚАЗ):
В.Приданова – І орын (Тараз қ.).
Ерлер (көру қабілеті төмен):
А.Алимханов – І орын (Тараз қ.);
Е.Атакозиев – ІІ орын (Тараз қ.);
Б.Истаев – ІІІ орын (Тараз қ.).
А.Увалиев – ІІІ орын (Т.Рысқұлов ауд).
Әйелдер (көру қабілеті төмен):
Е.Егембаева – І орын (Тараз қ.);
Г.Орманова – ІІ орын (Т.Рысқұлов ауд.);
Д.Сұлтанбек – ІІІ орын («Болашақ» МИ).
Ерлер (есту қабілеті төмен):
Б.Нурымов – І орын (Тараз қ.);
Э.Исмаилбекуулу – ІІ орын (Тараз қ.);
Р.Исмаилбекұлы – ІІІ орын («Мейірім» МИ).
Әйелдер (есту қабілеті төмен):
В.Син – І орын («Мейірім» МИ).
Пара таеквондодан 7-ші Еуропа таеквондо федерациясының президенті кубогіне G-2 турнирі
/0 Comments/in Жаңалықтар /by admin2022 жылдың 18-19 ақпан Дюрес (Албания) қаласында пара таеквондодан 7-ші Еуропа президенті Кубогы өтті.
Жарысқа 12 мемлекеттен 80-ге жуық спортшылар қатысты. Қазақстан Республикасы құрама командасынан 9 спортшы ел намысын қорғады. Оның ішінде спортшы Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан екі спортшы қатысты. Жалпы жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы екі алтын, екі күміс медальға қол жеткізді. Оның ішінде Өміралі Нышан К44 класында +80кг салмақ дәрежесінде 2 – орынды иеленді.
Спортшыларды дайындаған жаттықтырушы: Есильбаев Нұржан Чалобаевич.
көз сырқаты - Көру қабілеті төмен
есту қабілеті төмен