Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті

2022 жылдың 10-17 наурыз аралығында Семей қаласында шахматтан тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен сортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Чемпионатқа, Қарағанды, БҚО, Жамбыл, Алматы, ШҚО, Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Қостанай, Павлодар, Атырау, Ақтөбе облыстарынан және Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 70-ке жуық спортшылар қатысты. Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 8 спортшы қатысты.

Жарыстың нәтижесі бойынша, Алимханов Абдурашид қөру қабілеті төмен ерлер арасында 3 орын және Приданова Вера тірек-қимыл аппараты зақымданған әйелдер арасында 3 орынды жеңіп алды.

Спортшылардың жаттықтырушысы Ерғазы Дулат Берікжанұлы. @dulatyergazy

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған