Кашиас-ду-Сул қаласында (Бразилия) өтіп жатқан ХХІV жазғы Сурдлимпиада ойындарындағы Жамбыл облысының спортшыларының бүгінгі күнге жетістіктері:

Дзюдо күресі: Краморова Анна жекелей сында күміс, командалық жарыста қола медаль.

Кара оглы Фериде жекелей және командалық жарыста қола медаль.

Егембердиева Эвелина және Түгелбаев Айдос командалық жарыста қола медальдарға қол жеткізді.

Таеквондо (Пумсе): Рысжанов Олжас жекелей және жұпта екі қола медальға қол жеткізді.

Тараз қаласының Шығыс қақпасында Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен жүлдегер атанған Нұржан Асанды салтанатты күтіп алу рәсімі

Тараз қаласының Шығыс қақпасында Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен жүлдегер атанған Нұржан Асанды салтанатты күтіп алу рәсімі

ЖАМБЫЛДЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

НЕМЕСЕ ОБЛЫС ҚОРЖЫНЫНА ТАҒЫ БІР ЖҮЛДЕ

НҰРЖАН АСАН СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Кашиас-ду-Сул қаласында (Бразилия) өтіп жатқан ХХІV жазғы Сурдлимпиада ойындарында облыс қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.

Грек-рим күресінен Сурдлимпиада ойындарында 77 келіде Ел намысын қорғаған Нұржан Асан қола жүлдегер атанды

Сурдлимпиада ойындарында облыс қоржыны тағы екі жүлдемен толықты

Жүлде иесі Олжас Рысжанов таеквондодан жекелей сында қола жүлде иеленсе, топтық сайыста тағы бір қола жүлдені қанжығасына байлады.

Сурдлимпиадалық ойындар

Жамбылдық спортшы Кара оглы Фереди дзюдо күресінен Кашиас-ду-Сул (Бразилия) қаласында өтіп жатқан жазғы Сурдлимпиадалық ойындарда қола жүлдегер атанды. Құтты болсын Қазақ елі! Жеке бапкері Лукманов Хайрулла. @lukmanovkhairulla

СУРДЛИМПИАДАДАН ТАҒЫ БІР КҮМІС ЖҮЛДЕ

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан төрт жылдықтың ең басты спорттық бәсекесінде жамбылдық спортшы жүлдегер атанды.

Еркін күрестен Сурдлимпиада ойындарында 74 келіде ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ҒАСЫР ТҰРҒЫНБАЙ КҮМІС ЖҮЛДЕ иеленді.

Жоғары спорттық нәтиже көрсеткен боз кілем шеберінің жеке бапкері – Ерназар Қонысбаев.

Сондай-ақ, бұған дейін еркін күрестен 57 келіде бақ сынаған Ғабит Есжанов күміске қол жеткізген болатын.

СУРДЛИМПИАДАДАН КҮМІС ЖҮЛДЕ

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан XXIV жазғы Cурдлимпиада ойындарында тағы бір ел намысын қорғаған Жамбылдық спортшы жүлдеге қол жеткізді.

78 келіге дейінгі салмақта белдескен КРАМОРОВА АННА дзюдодан СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІН иеленді.

Айта кетейік бұған дейін, төртжылдықтың басты спорттық бәсекесінде КАРА ОГЛЫ ФЕРИДЕ дзюдодан 48 келіде қола еншілесе, Егембердиева Эвелина 57 келіде 5 орынға табан тіреген болатын.

Аталған додада Ұлттық құрама сапында Жамбыл облысынан 13 спортшы, 6 спорт түрінен сынға түсуде.

ҒАБИТ ЕСЖАНОВ СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Бұл күндері Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан XXIV жазғы Cурдлимпиада ойындарында еркін күресте 57 келіде белдескен Ғабит Есжанов күміс жүлде олжалады.

Жоғары спорттық нәтиже көрсеткен балуаннның жеке бапкері – Ерназар Қонысбаев.

Айта кетейік, бұл Ғабит Есжановтың Сурдлимпиада ойындарындағы екінші жүлдесі, бұған дейін 2013 жылы төрт жылдықтың басты додасында жеңістің ең биік сатысынан көрінген болатын.

Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті

2022 жылдың 24 сәуірі мен 01 мамыр  аралығында Талдықорған қаласында пауэрлифтингтен  Ересектер арасында Командалық және жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан  жеті спортшы  қатысты.

Жарыстың нәтижесі

  1. Карибай Ерболат Сағындықұлы (49кг) 1 орын (жастар).
  2. Карибай Ерболат Сағындықұлы (49кг) 2 орын.
  3. Беримкулова Айжан Умиралиқызы (50кг) 1 орын.
  4. Закривидорога Руслан (54кг) 2 орын.
  5. Жуманов Асхат Мыктыбекович (97 кг) 2 орын.
  6. Мадижан Дәурен Мұхитұлы (+107кг) 2 орынға қол жеткізді.

Спортшылардың жеке жаттықтырушысы:  Греев Руслан Сайдикаримович.

 

2022 жылғы 1-15 мамыр аралығында Кашиас-ду-Сул (Бразилия) қаласында өтіп жатқан ХХІV жазғы Сурдлимпиадалық ойындарына қатысатын Жамбыл облысының спортшылары.