Entries by admin

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында 17-ші – 19-шы наурыз күндері волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасының Кубогы өткен болатын.

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында 17-ші – 19-шы наурыз күндері волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасының Кубогы өткен болатын. Жалпы жарыс жүлдесін Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары сондай-ақ Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының командалары сарапқа салды. Байрақты бәсекеде Жамбылдық құрам жеңімпаз атанса, екінші орын жарыс қожайыны Елордалықтарға бұйырды, үздік үштікті Батыс Қазақстан облысының командасы түйіндеді. Сонымен қатар, жеңімпаз құраманы […]

Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті

2022 жылдың 10-17 наурыз аралығында Семей қаласында шахматтан тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен сортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа, Қарағанды, БҚО, Жамбыл, Алматы, ШҚО, Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Қостанай, Павлодар, Атырау, Ақтөбе облыстарынан және Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 70-ке жуық спортшылар қатысты. Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 8 спортшы […]

Пара дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты

2022 жылдың 11-13 наурыз аралығында Түркістан қаласында пара дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Қатысқан командалар: БҚО, ШҚО, Түркістан, Павлодар, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда және  Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 80 ге жуық спортшы қатысты. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 7 спортшы қатысты. Бақытжан Жұмәділ  J2 санатында 60кг салмақ дәрежесінде  3 орынды жеңіп алды. Спортшылардың […]

Сурдо жеңіл атлетикадан жабық манежде Қазақстан Республикасының чемпионаты

2022 жылдың 3-5 наурыз аралығында  сурдо жеңіл атлетикадан  жабық манежде Қазақстан Республикасының чемпионаты Нұр-Сұлтан қаласында  өтті. Қатысқан командалар: БҚО, ШҚО, СҚО,  Павлодар, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Манғыстау  және  Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан  120-ға  жуық спортшы қатысты. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 4 спортшы қатысты. Қырықбай Қуаныш 60м, 200м қашықтықта 1 орынды […]

«1-Наурыз – Алғыс айту» күні

«1-Наурыз – Алғыс айту» күні, облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев спорт клуб басшысы Бейсембаев Саттар Ерғалиұлына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатын табыс етті. Құтты болсын! @sattarbeysembayev

Дзюдодан есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы

Дзюдо күресінен (сурдо) 2022 жылдың 20-22 ақпан аралығында Павлодар  қаласында Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Кубокқа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан 57 спортшы қатысты. Жарыстың қортындысы бойынша Жамбыл облысының спортшылары 3 алтын және 3 қола медальдарға қол жеткізді. Кара оглы Фериде 48 кг -1 орын; Егембердиева Эвелина 57 кг […]

Голболдан көру қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы

Голболдан көру қабілеті төмен спортшылар арасында 2022 жылдың 20-22 ақпан аралығында Тараз қаласының Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Кубокке Алматы қаласы мен Алматы, Атырау, Түркістан, Жамбыл облыстары, сонымен қатар Түркістан облысынан «Арыс» және Жамбыл облысынан «Тараз-Болашақ» командалары қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша Алматы қаласы 1 орын, Жамбыл облысы 2 орын және Атырау […]

Шахматтан Жамбыл облысының чемпионаты

2022 жылдың 15-18 ақпан аралығында Тараз қаласында шахматтан тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру және есту қабілеті төмен спортшылар арасында Жамбыл облысының чемпионаты өтті. Жарысқа Шу, Меркі, Т.Рысқұлов, Талас аудандары, Тараз қаласы, «Болашақ» және «Мейірім» мектеп интернаттарынан 35 спортшы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша спортшылар төмендегі нәтижеге қол жеткізді: Ерлер (ТҚАЗ): М.Джумабаев – І орын (Т.Рысқұлов ауд); Ө.Камердинов […]

Пара таеквондодан 7-ші Еуропа таеквондо федерациясының президенті кубогіне G-2 турнирі

2022 жылдың 18-19 ақпан  Дюрес (Албания) қаласында пара таеквондодан 7-ші Еуропа президенті Кубогы өтті. Жарысқа 12 мемлекеттен 80-ге жуық спортшылар қатысты. Қазақстан Республикасы құрама командасынан 9 спортшы ел намысын қорғады. Оның ішінде  спортшы Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан екі спортшы қатысты. Жалпы жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы екі алтын, […]