Жапониядағы Әлемдік сериядан ЖАҢА ЖЕҢІСТЕР!
2025 жылдың 6-14 сәуірі аралығында Фудзи-Сидзиока (Жапония) қаласында пара жүзуден Әлемдік серия өтуде.
Аталған жарысқа Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 3 спортшы қатысуда:
- Нұрдаулет Жұмағали – 100 м брасс әдісінде 01:07.71 уақытпен қола жүлде иеленді;
- Габидуллина Зульфия 150 м кешенді жүзуде 03:43.00 көрсеткішпен қола жүлдеге қол жеткізді.
- Полина Скоржевская – 100 м брасс әдісінде 01:54.61 нәтижемен жасөспірімдер финалында 6-орын алды;
Сонымен қатар, Зульфия Габидуллина, Наталья Звягинцева, Али Тұрғанбеков және Ержан Салімгереевтен құралған команда 4×50 м аралас эстафетада (кешенді жүзу) 2:58.86 уақыт нәтижесімен Қазақстан рекордын жаңартты!
Спортшылардың бапкерлері:
Саттар Ерғалиұлы Бейсембаев және Серік Раисов Жидебайұлы.
Құттықтаймыз! Жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
