Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жеңіл атлетикадан есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты


25-28 ақпан 2019 жыл. Қарағанды қаласы

Мақсаты мен міндеті

—   Қазақстан Республикасының есту бойынша мүгедектерде дене шынықтыру  және спортты әлеуметтік,  психологиялық және  дене тәрбиесімен оңалтудың маңызды факторы ретінде қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау;

— есту бойынша мүгедектердің арасында дене қозғалысын және бұқаралық спортты дамыту;

— есту бойынша мүгедек-спортшылардың арасында  спорттық резервті дайындау және олардың спорттық шеберліктерін жетілдіру;

-2019 жылы спорт түрлерінен есту бойынша мүгедек-спортшылардың арасында халықаралық жарыстарға қатысуға дайындау және өткізу үшін командаларды құру және жасақтау.

-ҚР ұлттық құрама командасын Қысқы Сурдлимпиадалық ойындарына, Азия Тынық-Мухит ойындарына, Әлем және Азия чемпионаттарына дайындау және қатысу.

            Жарыстың өткен орны: 2019 жылдың 25-28 ақпан аралығында Қарағанды қаласында  өтті.

            Қазақстан Республиксының чемпионатына басшылық жасаған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті .

            Қатысқан командалар: Алматы, Астана, Шымкент қалалары және, Ақтөбе, Жамбыл, БҚО, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, СҚО, ШҚО,    Маңғыстау, Павлодар облыстарынан келген 13 командадан 55-ке жуық спортшылар қатысты.

             Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан  9 спортшы қатысты.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте  Жамбыл облысының командасы 3 орынды жеңіп алды.

Спорт клуб спортшыларының жекелей нәтижелері:

Жеңіл атлетика  (ерлер)

Қырықбай Қуаныш  60 м, 200м  — 1 орын;

400м, эстафета 4х200м- 3 орын;

Тажиев Нұрлыбек ядро лақтыру-3 орын;

Кадыр Жандар эстафета 4х200м- 3 орын;

Жеңіл атлетика  (әйелдер)

Сибирякова Яна 800м, 400м — 1 орын;

60м-2 орын; 4х200м эстафета-3 орын;

Нурымова Алия 4х200м эстафета-3 орын;