Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025 жылдың 8–13 мамыр аралығында Ақтөбе қаласында ересектер мен 21 жасқа дейінгі жастар арасында сурдо үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған байрақты бәсекеге Астана, Алматы, Шымкент, Қостанай, Ақтөбе қалалары мен Ақмола, Алматы және Жамбыл облыстарынан 70-ке жуық спортшы қатысты.

Спорт клубымыздың намысын 10 спортшы қорғады.

Нәтижелеріміз:

Жекелей және жұптық әйелдер арасында

Адилова Гүлжамила — қола жүлде

Жастар арасындағы командалық және жұптық сында

ерлер мен қыздар — қола жүлдеге қол жеткізді

Жалпы қоржында — 3 қола медаль!

Құттықтаймыз!

Спортшыларымызды және оларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы Раймбеков Талғат Қайратбекұлы!

Жеңісті күндеріміз көп болсын!