2025 жылдың 23–28 маусым аралығында Көкшетау қаласында тоғызқұмалақтан тірек-қимыл және көру органдары зақымданған спортшылар арасында VII республикалық спартакиада өтті.
Біздің спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, мақтанышқа айналды!
Көру қабілеті зақымданған спортшылар құрамасы командалық 2-орынға ие болды!
Тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасындағы додада 10-орынды қанжығасына байлады.
Бұл жетістіктер – табандылық пен еңбектің жемісі.
Жаттықтырушы Шәміл Ришаттың еңбегіне алғысымыз шексіз!
Біз өз спортшыларымызбен мақтанамыз!
Алға, чемпиондар!

