2025 жылғы 1-29 маусым аралығында Астана, Алматы, Тараз және Өскемен қалаларында тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында дәстүрлі VII Спартакиада өтуде.
1-2 маусым күндері Астана қаласында паратаэквондодан өткен жарыста Жамбыл облысының құрама командасы командалық есепте 1 орынға ие болды!
Жекелей сында:
4 алтын
2 күміс
3 қола
Пумсэ бойынша:
1 орын Төлен Ілияс (Р32)
1 орын Дамрин Никита (Р34)
3 орын Жақсыкелді Нұртас (Р33)
3 орын Дауылбаев Диас (Р32)
Қыздар арасында:
2 орын Қапашова Ақерке (Р35)
Жекпе-жек нәтижелері:
2 орын58 кг — Актлеуов Нышанбек
1 орын63 кг — Жұманғали Айбек
1 орын70 кг — Асқа Дінмұхаммед
3 орын+80 кг — Мухитдинов Калкен
Бұл жарқын жеңістер – жаттықтырушылар Есильбаев Нұржан, Ысқақ Елдос және Ан Александрдың қажырлы еңбегінің жемісі!
Батыр спортшыларымызды және олардың бапкерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!




