Шахматтан есту органдары зақымданған жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты
2026 жылғы 23–31 наурыз аралығында өтті.
Аталған республикалық додаға еліміздің 7 өңірінен келген жас спортшылар қатысты. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл, Жетісу, Қостанай және Түркістан облыстарынан жиналған 32 жас шахматшы өзара мықтыны анықтап, интеллектуалды спорттағы шеберліктерін сынға салды.
Чемпионаттың басты мақсаты – жастарды спортқа кеңінен тарту, олардың зияткерлік әлеуетін дамыту, спорттық шеберлігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Сонымен қатар, жас спортшылардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, достық қарым-қатынасты нығайтуға және олардың спорттық әлеуетін дамытуға ықпал етті.
Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының спортшысы Син Даниил блиц бағдарламасы бойынша: 3 орын
15 жасқа дейінгі ұлдар арасында блицтен командалық есепте ІІІ орын иегері атанған Жамбыл облысы командасы





