2025 жылғы 9–14 маусым аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан өткен Азия чемпионатында
Қазақстан ұлттық құрамасы алтын жүлдені жеңіп алды!
Жарысқа Жапония, Австралия, БAE, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Қытай, Тайланд және Қазақстан құрамалары қатысты.
Бәсекелестік жоғары болған додада ұлттық құрама тамаша ойын үлгісін көрсетіп, қарсыластарынан оқ бойы озық шықты!
Команда құрамында Атырау, Қызылорда және Жамбыл облыстарының спортшылары өнер көрсетті.
Клубымыздың атынан қатысқан Жамбыл Жалғас шеберлігімен көзге түсіп, жеңісті жолда маңызды үлес қосты.
Спортшының жеке жаттықтырушысы – Нұрғазы Сапарбековке де алғысымыз шексіз!
Жеңісті күндер көп болсын!


