2026 жылдың 9–15 наурыз аралығында Линьяно-Саббьядоро қаласында (Италия) пара жүзуден Әлемдік серия кезеңі өтуде. Беделді халықаралық додаға әлемнің 40 мемлекетінен 394 спортшы қатысуда.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасының спортшысы Жұмағали Нұрдаулет жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орыннан көрінді. Ол 100 метр брасс әдісі бойынша 1:07.57 нәтижесімен мәреге жетіп, қола медальді (3-орын) иеленді.
Құттықтаймыз
