Еркін күрестен есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы 2023 жылдың 20-22 қаңтар аралығында Ақтөбе қаласында өтті.
Еркін күрестен жарысқа қатысқан командалар: Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Жетісу, Түркістан, Жамбыл облыстарынан 70 спортшы қатысты.
Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 8 спортшы қатысып 6 жүлделі орындарға ие болды. Жалпы командалық есепте 2 орын. Дайындаған еркін күрестен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Конысбаев Ерназар Дуйсенович.
| № | Аты-жөні | Салмағы | Алған орны |
| 1 | Есжанов Ғабит | 61 кг | 1 орын |
| 2 | Дүйсембаев Нұрсултан | 65кг | 2-орын |
| 3 | Жамбыл Әділет | 70кг | 3-орын |
| 4 | Кокамбаев Жан | 70кг | 5-орын |
| 5 | Тұрғынбай Ғасыр | 74кг | 1-орын |
| 6 | Сабитов Бағдат | 79кг | 2-орын |
| 7 | Досжанов Абзал | 79кг | 5-орын |
| 8 | Әлдибаев Шыңғысхан | 86 кг | 2-орын |
| Командалық есепте | Жамбыл облысы | 2-орын |
Грек-рим күресінен жарысқа қатысқан командалар: Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қостанай, Павлодар, Жетісу, Түркістан, Жамбыл облыстарынан 65 спортшы қатысты.
Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 4 спортшы қатысып — жүлделі орындарға ие болды. Жалпы командалық есепте 2 орын. Дайындаған еркін күрестен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Конысбаев Ерназар Дуйсенович пен грек-рим күресінен жаттықтырушы Исмаилов Ринат Сайлауович.
| № | Аты-жөні | Салмағы | Алған орны |
| 1 | Аңсабек Рауан | 67 кг | 1 орын |
| 2 | Досжанов Абзал | 77 кг | 1-орын |
| 3 | Асан Нұржан | 82 кг | 1-орын |
| Командалық есепте | Жамбыл облысы | 2-орын |

