Сурдлимпиада ойындарында облыс қоржыны тағы екі жүлдемен толықты
Жүлде иесі Олжас Рысжанов таеквондодан жекелей сында қола жүлде иеленсе, топтық сайыста тағы бір қола жүлдені қанжығасына байлады.
Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан төрт жылдықтың ең басты спорттық бәсекесінде жамбылдық спортшы жүлдегер атанды.
Еркін күрестен Сурдлимпиада ойындарында 74 келіде ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ҒАСЫР ТҰРҒЫНБАЙ КҮМІС ЖҮЛДЕ иеленді.
Жоғары спорттық нәтиже көрсеткен боз кілем шеберінің жеке бапкері – Ерназар Қонысбаев.
Сондай-ақ, бұған дейін еркін күрестен 57 келіде бақ сынаған Ғабит Есжанов күміске қол жеткізген болатын.
Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан XXIV жазғы Cурдлимпиада ойындарында тағы бір ел намысын қорғаған Жамбылдық спортшы жүлдеге қол жеткізді.
78 келіге дейінгі салмақта белдескен КРАМОРОВА АННА дзюдодан СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІН иеленді.
Айта кетейік бұған дейін, төртжылдықтың басты спорттық бәсекесінде КАРА ОГЛЫ ФЕРИДЕ дзюдодан 48 келіде қола еншілесе, Егембердиева Эвелина 57 келіде 5 орынға табан тіреген болатын.
Аталған додада Ұлттық құрама сапында Жамбыл облысынан 13 спортшы, 6 спорт түрінен сынға түсуде.
Бұл күндері Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан XXIV жазғы Cурдлимпиада ойындарында еркін күресте 57 келіде белдескен Ғабит Есжанов күміс жүлде олжалады.
Жоғары спорттық нәтиже көрсеткен балуаннның жеке бапкері – Ерназар Қонысбаев.
Айта кетейік, бұл Ғабит Есжановтың Сурдлимпиада ойындарындағы екінші жүлдесі, бұған дейін 2013 жылы төрт жылдықтың басты додасында жеңістің ең биік сатысынан көрінген болатын.
2022 жылдың 24 сәуірі мен 01 мамыр аралығында Талдықорған қаласында пауэрлифтингтен Ересектер арасында Командалық және жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан жеті спортшы қатысты.
Жарыстың нәтижесі
Спортшылардың жеке жаттықтырушысы: Греев Руслан Сайдикаримович.
Еркін күрес балуандары үшін (Сурдо) Қазақстан Республикасының Кубогы өз мәресіне жетті.
Боз кілемде 57 кг, 61 кг, 65 кг, 70 кг, 74 кг, 79 кг, 86 кг, 92 кг, 97 кг, 125 келі салмақтың жүлделерін сарапқа салған болатын.
Жамбыл облысы құрамасы сапында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар:
Алтын:
Есжанов Габит (57 кг)
Тургынбай Гасыр 74 кг
Сабитов Багдат 79 кг
Альдибаев Шынгысхан (86 кг)
Күміс:
Дуйсембиев Нурсултан (65 кг)
Қола жүлде:
Жанабил Ершат (61 кг)
Танирберген Ерсултан (61 кг)
Бекжанов Елдос (70 кг)
Амангелди Нургелди (92 кг)
Айта кетейік, жалпы командалық есепте Жамбыл облысы құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлдемен жеңімпаз атанды.