Cыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарын жүргізу бойынша жиналысы өтті.
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарын жүргізу бойынша жиналысы өтті.
Спорт клуб қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қоғам үшін маңыздылығы атап өтілді. Қоғам сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзімділік танытпайтыны, бұл қылмыс түрінің қоғамның дамуына кедергі келтіретіні айтылды.
Спорт клуб қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысудың салдары және заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Барлық қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында заңнаманың барлық талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі айтылды.