Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бос тұрған «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы (1 бірлік) лауазымына конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әулиеата ауданы, Самал мөлтекауданы, 26 үй, телефон (87262) 45-59-52; 87086164850.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында Паралимпиялық, Паралимпиялық емес және Сурдлимпиялық спорт түрлерін дамыту. Спорттың мәдени-тәрбиелік әлеуметіне байланысты адамгершілік, эстетикалық және басқа ізгі мақсаттарды жүзеге асыру. Спорттың және рухани мәдениеттің өзара баюы және тығыз байланыста болуы үшін жағдайлар жасау. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында спортпен өмірде адалдық және тектілік принциптері мен ізгі мұраттарын насихаттау. Басқа паралимпиалық ұлттық комитеттермен немесе ұйымдармен байланыстар орнату үшін қазақстандық мүмкіндігі шектеулі азаматтар спортының өкілдігін ашу, сондай-ақ паралимпиалық және сурдлимпиалық қозғалыстың халықаралық ұйымымен байланыс орнату және т.б.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар.

Еңбек өтілі: дене шынықтыру және спорт саласында немесе дене шынықтыру және спорт саласында басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл, немесе Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл, немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе Жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде үш жыл.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі; Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы; педагогика, психология және физиология негіздері; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді; еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарын.

Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.

      Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді.

      Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.

Конкурсты өткізу қа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтінішті еркін нысанда ресімделген қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса, жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттарды мына мекен-жайға: 080000, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 72, «Жамбыл облысы әкімідігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 9-қабат, №911 кабинет, ұсынады .

Конкурстың өткізілетін күні: 2025 жылғы 26 қыркүйек.

Конкурстың өтетін орны: 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 72 (9 қабат 920 кабинет), байланыс телефондары 8726 (2) 45-59-52; 87086164850.

Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.

Осы бос лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге жеңілдіктер берілмейді.

Толтыруға арналған өтінішті мына сілтеме бойынша жүктеуге болады —  Өтініш