Жеңіл атлетикадан есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты
25-28 ақпан 2019 жыл. Қарағанды қаласы
Мақсаты мен міндеті
– Қазақстан Республикасының есту бойынша мүгедектерде дене шынықтыру және спортты әлеуметтік, психологиялық және дене тәрбиесімен оңалтудың маңызды факторы ретінде қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау;
– есту бойынша мүгедектердің арасында дене қозғалысын және бұқаралық спортты дамыту;
– есту бойынша мүгедек-спортшылардың арасында спорттық резервті дайындау және олардың спорттық шеберліктерін жетілдіру;
-2019 жылы спорт түрлерінен есту бойынша мүгедек-спортшылардың арасында халықаралық жарыстарға қатысуға дайындау және өткізу үшін командаларды құру және жасақтау.
-ҚР ұлттық құрама командасын Қысқы Сурдлимпиадалық ойындарына, Азия Тынық-Мухит ойындарына, Әлем және Азия чемпионаттарына дайындау және қатысу.
Жарыстың өткен орны: 2019 жылдың 25-28 ақпан аралығында Қарағанды қаласында өтті.
Қазақстан Республиксының чемпионатына басшылық жасаған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті .
Қатысқан командалар: Алматы, Астана, Шымкент қалалары және, Ақтөбе, Жамбыл, БҚО, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, СҚО, ШҚО, Маңғыстау, Павлодар облыстарынан келген 13 командадан 55-ке жуық спортшылар қатысты.
Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 9 спортшы қатысты.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Жамбыл облысының командасы 3 орынды жеңіп алды.
Спорт клуб спортшыларының жекелей нәтижелері:
Жеңіл атлетика (ерлер)
Қырықбай Қуаныш 60 м, 200м – 1 орын; 400м, эстафета 4х200м- 3 орын; Тажиев Нұрлыбек ядро лақтыру-3 орын; Кадыр Жандар эстафета 4х200м- 3 орын; |
Жеңіл атлетика (әйелдер)
Сибирякова Яна 800м, 400м – 1 орын; 60м-2 орын; 4х200м эстафета-3 орын; Нурымова Алия 4х200м эстафета-3 орын;
|