2025 жылғы 23-26 наурыз аралығында Тараз қаласында еркін және грек-рим күресінен Есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Алматы, Шымкент қалаларынан және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Жетісу, Алматы, Қостанай, Түркістан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл облыстарынан 171-ге жуық спортшы қатысты. Жамбыл облысының спорт клубынан еркін күрестен 13 спортшы, грек-рим күресінен 9 спортшы бақ сынады.
Еркін күрестен жеңімпаздар мен жүлдегерлер
57 кг Есжанов Габит 1 орын
Дүйсембиев Нұрсұлтан 2 орын
61 кг Мырзахмет Нышанбек 1 орын
70 кг Кокамбаев Жан 2 орын
74 кг Тұрғынбай Ғасыр 1 орын
Жамбыл Әділет 3 орын
79 кг Сабитов Бағдат 1 орын
86 кг Әлдибаев Шыңғысхан 2 орын
92 кг Жақсымбек Дәурен 1 орын
Амангелді Нұргелді 2 орын
Командалық есеп:
Жамбыл облысы 1 орын
Шымкент қаласы 2 орын
Жетісу облысы 3 орын
Еркін күрестен барлығы: 10 медаль 5 алтын | 4 күміс | 1 қола
Грек-рим күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер
72 кг Аңсабек Рауан 1 орын
77 кг Досжанов Рауан 1 орын
Командалық есеп:
Алматы қаласы 1 орын
Жетісу облысы 2 орын
Ақтөбе облысы 3 орын
Грек-рим күресінен барлығы: 2 медаль 2 алтын Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жаттықтырушымыз Конысбаев Ерназарға алғысымызды білдіреміз!






