Қазақстан Республикасының VI жазғы Паралимпиада ойындары
2023 жылдың 10-30 мамыр аралығында Алматы, Астана, Ақтөбе қалаларында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI жазғы Паралимпиада ойындары өтті.
Аталған ойындар, 3 кезеңнен өткізілді.
І кезең 2023 жылдың 10-20 мамыр аралығында Алматы қаласында футбол 5х5, пара жеңіл атлетика, голбол спорт түрлерінен;
ІІ кезең 2023 жылдың 17-22 мамыр аралығында Астана қаласында пара оқ ату, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо спорт түрлерінен;
ІІІ кезең 2023 жылдың 20-29 мамыр аралығында Ақтөбе қаласында пара үстел теннисі, пара жүзу, волейболды отырып ойнау және пара дзюдо спорт түрлерінен өтті.
Төрт жылда бір рет өтетін ресми жарысқа, еліміздің 17 облыстарымен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 1000 аса спортшылар қатысты. Оның ішінде Жамбыл облысынан, футбол 5х5, пара жеңіл атлетика, голбол, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, волейболды отырып ойнау және пара дзюдо спорт түрінен 64 спортшы қатысты. Олардың ішінде, пара жүзуден тұңғыш рет қазақстанның спорт тарихында бірінші Рио де Жанейро 2016 Жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллина мен Токио 2020 Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Жұмағали Нұрдаулет, пара таеквондодан Әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы Өміралі Нышан, пара пауэрлифтингтен жастар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері Карибай Ерболат сынды спортшылар өнер көрсетті.
Паралимпиада ойындарының қорытындысы бойынша:
І орын – Қарағанды облысы (44 алтын, 15 күміс, 10 қола);
ІІ орын – Атырау облысы (35 алтын, 9 күміс, 9 қола);
ІІІ орын – Ақтөбе облысы (24 алтын, 16 күміс, 6 қола);
ІV орын – Жамбыл облысы (24 алтын, 13 күміс, 8 қола) иеленді.
Спорт түрлері бойынша Жамбыл облысының құрама командасы төмендегі нәтижеге қол жеткізді:
Голболдан жүлделі 2 орын иеленді;
Пара жүзуден 15 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен командалық 2 орын;
Пара таеквондодан 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен командалық 3 орынды жеңіп алды;
Пара жеңіл атлетика 8 алтын, 2 күміс, 1 қола, (командалық 8 орын);
Пара пауэрлифтинг 3 күміс, 1 қола медаль, (командалық 11 орын);
Пара үстел теннисі 3 күміс, 1 қола медаль, (командалық 10 орын);
Пара дзюдо 1 күміс, 1 қола медальдарды иеленді, (командалық 10 орын);
Футбол 5х5 – 4 орын;
Волейболды отырып ойнау – 5 орын.