СУРДО ТАЕКВОНДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

2024 жылдың 25-31 наурыз аралығында Бішкек (Қырғызстан) қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында Әлем чемпионаты өтуде. Аталған чемпионатқа 21 мемлекеттен 200-ге жуық спортшылар қатысуда.

Қазақстан Республикасының ұлттық құрама сапында 22 спортшы ел намысын қорғауда, оның ішінде Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 3 спортшы қатысуда. Олар: “Кашиас-ду-Сул 2022” жазғы Сурдлимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Рысжанов Олжас, ҚР чемпионатыры мен Спартакиадаларының жеңімпаз жүлдегерлері Рысбеков Диас пен Сейсенбаев Мади сынды спортшылар елімізідің намысын қорғауда.

Чемпионаттың екінші күні Жамбылдық спортшылар

Рысбеков Диас 54 келіде Әлем чемпионатының тұңғыш жеңімпазы атанса, Сонымен қатар

Сейсенбаев Мади 58 келіде қола жүлдеге қол жеткізді.

Спортшылардың жаттықтырушылары, Есілбаев Нұржан және Ан Александр.