СУРДЛИМПИАДАДАН ТАҒЫ БІР КҮМІС ЖҮЛДЕ
Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан төрт жылдықтың ең басты спорттық бәсекесінде жамбылдық спортшы жүлдегер атанды.
Еркін күрестен Сурдлимпиада ойындарында 74 келіде ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ҒАСЫР ТҰРҒЫНБАЙ КҮМІС ЖҮЛДЕ иеленді.
Жоғары спорттық нәтиже көрсеткен боз кілем шеберінің жеке бапкері – Ерназар Қонысбаев.
Сондай-ақ, бұған дейін еркін күрестен 57 келіде бақ сынаған Ғабит Есжанов күміске қол жеткізген болатын.
Leave a Reply
Want to join the discussion?Feel free to contribute!