ПАРА ТАЕКВОНДОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР
2025 жылдың 5-8 ақпан аралығында Анталья (Түркия) қаласында пара таеквондодан Халықаралық Turkish Open G-2 турнирі өтті. Жарысқа әлемнің 14 мемлекетінен 120-ға жуық спортшылар қатысты. Оның ішінде, Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 4 спортшысы қатысып , P34 Пумсе бағдарламасында Дамрин Никита күміс медальға қол жеткізді. Спортшыны дайындаған бапкерлері, Есілбаев Нұржан Шалабайұлы және Ан Александр Викторович.


