ПАРА ТАЕКВОНДОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР

2025 жылдың 5-8 ақпан аралығында Анталья (Түркия) қаласында пара таеквондодан халықаралық Turkish Open G-2 турнирі өтті.

Жарысқа әлемнің 14 мемлекетінен 120-ға жуық спортшы қатысты. Оның ішінде, Жамбыл облысының Денешынықтыру және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының 4 спортшысы бақ сынады.

Р34 Пумсе бағдарламасында Дамрин Никита күміс медальға қол жеткізді.

Спортшыны дайындаған бапкерлер – Есілбаев Нұржан Шалабайұлы және Ан Александр Викторович.