Заң және тәртіп

2025 жылдың 11 ақпан күні «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» үшін маңызды жиналыс өтті. Кездесуге құқық қорғау органдары, білім басқармасы, психологиялық қолдау орталығы, полиция басқармасы, әкімшілік полиция және дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілдері қатысты.

          Жиынның басты тақырыбы – құқықтық сауаттылық, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, психологиялық қолдау, жол қауіпсіздігі және деструктивті діни ағымдардың алдын алу болды.

Жаттықтырушылар мен мамандар маңызды ақпараттармен танысып, өзекті сұрақтарына жауап алды. Осындай кездесулер спорт клубының жұмысын тиімді жүргізуге және қызметкерлердің біліктілігін арттыруға үлкен үлес қосады!