Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КМҚК қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қоғам үшін қаншалықты маңызды екендігі атап өтілді
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КМҚК қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қоғам үшін қаншалықты маңызды екендігі атап өтілді. Қоғамның сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне төзімділік көрсетпейтіні және мұндай әрекеттердің қоғамның дамуына айтарлықтай кедергі келтіретіні айтылды. Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қатысудың салдары мен заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Сонымен қатар, барлық қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін заң талаптарын қатаң сақтаудың қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Спорт клуб қызметкерлеріне діни экстремизм мен терроризм тақырыптарын түсіндіру, олардың қоғамға тигізетін әсерін көрсету, әлемдегі террористік әрекеттердің мәнін талқылау және қызметкерлердің діни көзқарастарын дұрыс қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізу туралы жиналыс өтті.