Жаңалықтар
2022 жылдың 14-25 наурыз аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Шардж және Дубай қалаларында пара жеңіл атлетикадан «Шардж-2022» ашық халықаралық турнирі және «Дубай-2022» Гран При Әлемдік сериясы өтті. Шардж қаласында өткен жарысқа 27 мемлекеттен 400-ге жуық спортшылар және Дубай қаласында өткен жарысқа 42 мемлекеттен 500-ге жуық спортшылар қатысты. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама сапында 21 спортшы ел намысын […]
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында 17-ші – 19-шы наурыз күндері волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасының Кубогы өткен болатын. Жалпы жарыс жүлдесін Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары сондай-ақ Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының командалары сарапқа салды. Байрақты бәсекеде Жамбылдық құрам жеңімпаз атанса, екінші орын жарыс қожайыны Елордалықтарға бұйырды, үздік үштікті Батыс Қазақстан облысының командасы түйіндеді. Сонымен қатар, жеңімпаз құраманы […]
2022 жылдың 10-17 наурыз аралығында Семей қаласында шахматтан тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен сортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа, Қарағанды, БҚО, Жамбыл, Алматы, ШҚО, Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Қостанай, Павлодар, Атырау, Ақтөбе облыстарынан және Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 70-ке жуық спортшылар қатысты. Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 8 спортшы […]
2022 жылдың 11-13 наурыз аралығында Түркістан қаласында пара дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Қатысқан командалар: БҚО, ШҚО, Түркістан, Павлодар, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда және Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 80 ге жуық спортшы қатысты. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 7 спортшы қатысты. Бақытжан Жұмәділ J2 санатында 60кг салмақ дәрежесінде 3 орынды жеңіп алды. Спортшылардың […]
2022 жылдың 3-5 наурыз аралығында сурдо жеңіл атлетикадан жабық манежде Қазақстан Республикасының чемпионаты Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Қатысқан командалар: БҚО, ШҚО, СҚО, Павлодар, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Манғыстау және Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 120-ға жуық спортшы қатысты. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 4 спортшы қатысты. Қырықбай Қуаныш 60м, 200м қашықтықта 1 орынды […]
«1-Наурыз — Алғыс айту» күні, облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев спорт клуб басшысы Бейсембаев Саттар Ерғалиұлына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатын табыс етті. Құтты болсын! @sattarbeysembayev
Дзюдо күресінен (сурдо) 2022 жылдың 20-22 ақпан аралығында Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Кубокқа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан 57 спортшы қатысты. Жарыстың қортындысы бойынша Жамбыл облысының спортшылары 3 алтын және 3 қола медальдарға қол жеткізді. Кара оглы Фериде 48 кг -1 орын; Егембердиева Эвелина 57 кг […]
